Қалқанша жанындағы бездер, glandula parathyroidea саны 4 - еу (екі жоғарғы, екі төменгі), қалқанша бездің бүйір бөліктерінің артқы бетінде орналасқан кішкене денешіктер, ұзындығы – 6 мм, ені – 4 мм, қалыңдығы – 2 мм.
Қызметі. Без организмде кальций және фосфор алмасуын реттейтін паратгормон бөліп шығарады. Бездерді алып тастаса, сіреспе (тартылу) әсерінен адам өліп кетуі мүмкін.
Айырша без, thymus, кеуде қуысының жоғарғы алдыңғы бөлігінде төс тұтқасы мен денесінің артында орналасқан. Ол оң және сол жақ екі үлестен тұрады, олар бір-бірімен борпылдақ дәнекер тін арқылы қосылған. Айырша без төмен қарай кеңейіп, үлкен тамырлар, жүрек пен жүрекқаптың бір бөлігінің алдында жатады. Бездің көлемі жасқа қарай өзгеріп отырады. Жаңа туған нәрестеде оның салмағы 12 гр, ол жыныстық жетілу басталғанға дейін өсіп, 35 – 40 граммға жетеді, сосын (14 – 15 жас) инволюция үрдісі басталып, соның салдарынан без салмағы 25 жаста 25 гр, 60 жаста 15 гр, ал 70 жаста 6 гр – ға дейін азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |