Көз алмасының қабықтары
І.Талшықты қабық - көз алмасын сыртынан қоршап, қорғаныш қызметін атқарады. Оның артқы үлкен бөлігі – ақ қабық, алдыңғы бөлігі мөлдір қабық деп аталады. Олар бір – бірімен циркулярлы жүлге арқылы бөлінеді.
1.Ақ қабық, sclera - тығыз дәнекер тіннен тұрады, ақ түсті, оның 2 қабық арасындағы көрінетін бөлігі көздің ағы деп аталады. Жарық көз алмасы ішіндегі торлы қабықтың жарық сезгіш элементтеріне жету үшін, талшықты қабықтың алдыңғы бөлігі мөлдірленіп, мөлдір қабыққа айналады.
2.Мөлдір қабық, cornea – ақ қабықтың тікелей жалғасы, мөлдір, дөңгелек, алдына қарай дөңес те, артқы жағына қарай ойыс табақша тәрізді, сағат әйнегіне ұқсас, өзінің жиегімен ақ қабыққа кіріп тұрады.
ІІ.Көз алмасының тамырлы қабығы, tunica vasculosa – тамырларға өте бай, жұмсақ, пигменттерге орай қара түсті, дәл ақ қабықтың астында жатады. Онда 3 бөлім болады: 1) меншікті тамырлы қабық; 2) кірпікті дене; 3) нұрлы қабық.
Достарыңызбен бөлісу: |