Дәріс №14 Тақырып атауы



бет1/6
Дата24.05.2022
өлшемі44,85 Kb.
#35554
  1   2   3   4   5   6

Дәріс №14


Тақырып атауы:Сәбит Мұқанов шығармашылығы
1. Сәбит Мұқановтың шығармашылық өмір жолы
2. Сәбит Мұқанов өлеңдері мен эпикалық туындылары.
3. Сәбит Мұқанов шығармашылығының мектепте оқытылуы.
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
Сәбит Мұқанов өмірінен мәлімет. Әке-шешеден ерте қалып, жоқшылық тақсіретінен үзіп-жұлып білім алғаны. Оның «Бостандық» (1919), «Кедей баласы», т.б. жырларында жастық шағының көрініс беретіні. Сәбиттің ақындық өнерге бой ұруына халық арасына кең тараған қисса, дастан, аңыздардың, батырлық, лиро-эпикалық, тарихи жырлар мен жыраулар поэзиясының, Ғ.Тоқай, Абай, М.Горький, И.Бунин, В.Маяковский, Ф.Гладков, т.б. игі ықпалы. Социалистік құрылысты құптауы мен оған белсенді қызмет етуінің заңдылығы. Өлеңдерінде кедей, жалшылар өмірін реалистікпен бейнелеуі. «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Егістік», «Конвейер», «Майға сәлем,» «Колхозды ауыл осындай», «Малшының мақтанышы» , т.б. шығармалары. Осылардың ішінде «Сырласу», «Келешек», «Майға сәлем» , «Менің республикам» дауылпаз жырлар екендігі. Соғыс кезінде туған «Мен де аттандым майданға», «Фашизмнің ажалы», «Гвардеец бауырларға», «Ленин қаласында», «Берлин алынды», т.б. өлеңдеріндегі жоғары патриоттық сезім.
Ақынның «Жаппархан», «Жетім қыз күйінде», «Жұмаштың өлімі», «Балбөпе», «Пионер», «Құрдас», «Кешегі жалшы пен бүгінгі жалшы» («Батырақ»), «Қанды көл», «Ақ аю», «Октябрь өткелдері», «Сұлушаш», «Алдабергенов туралы аңыз» поэмалары. «Сұлушаш» поэмасындағы Сәбиттің сюжет құрудағы, тіл қолданудағы сезілген тап мүддесі тұрғысынан үңіліп, социалистік реализм тұрғысынан қарағаны. Онда қазақтың төңкеріс алдындағы хал-күйі, әлеуметтік жайы, саяси зор оқиғалар көрініс беретіні.
С.Мұқанов – жазушы. «Түсімде», «Ақбөпенің сыры», т.б. әңгімелердің, «Балуан Шолақ» «Екпінді» повестері, «Адасқандар» («Мөлдір махаббат»), «Теміртас», «Жұмбақ жалау» («Ботагөз»), «Сырдария», «Аққан жұлдыз» романдары. Жазушынның «Адасқандар» романының сынға ұшырағаны. Автор біраз ізденістерден кейін «Мөлдір махаббат» (1959) деген атпен қайта шығарғаны. Бәтес, Бүркіт, Мүсәпір, т.б. бейнелері. «Мөлдір махаббаттың» бастапқы варианты «Адасқандардың» зерттеушілері (Қ.Ергөбеков) тарапынан көбірек құпталуының себептерін ашу.
«Ботагөз» (Жұмбақ жалау») – жазушының басты кітабы. Қазақ әдебиетінің тарихында өскен әдебиеттер талабына сай күрделі оқиғалы реалистік туынды. Асқар, Ботагөз, Амантай, Итбай, Кулаков, Кузнецов, Сарбас, Кошкин образдарының типтік деңгейге көтерілуі. Романның көркемдік табыстары. Социалистік реализмнің ықпалы мығымдығы.
«Өмір мектебі» - өмірбаяндық трилогия («Менің мектептерім», «Есею жылдары», «Өмір мектебі») екендігі. Әміршіл-әкімшіл жүйенің саясаты мемуарлық шығармаға өшпес ізін қалдырғаны. Оның ұлттық санаға тигізген зиянын әділ бағалаудың қажеттігі.
«Балуан Шолақ» - белесті туынды. «Сырдария», «Тыңдағы толқындар» романдары мен «Алтың аймақ» , «Каспийге саяхат» сияқты очерктері.
«Аққан жұлдыз» дилогиясы. Роман материалдары төрт кітапқа жоспарлануы себепті Шоқан образының әлі биігіне шыға қоймағаны. Романның аяқталған кітаптарында қазақтың тек Шоқан өмір сүрген тұсындағы тіршілік-тағдыры емес, бір жарым ғасыр бұрынғы тарихының шежіресіне ден қоятыны. Қаламгер халық тарихының кезеңдерін оқиғалармен бере отырып, сындарлы талдауға барғаны, есте қаларлық көркем бейнелер сомдағаны.
С.Мұқанов-драматург. «Көкірегі көрегендер», «Алтын аймақ», «Бурылтай», «Біздің үй», «Ақан мен Зайра»( М.Әуезовпен бірігіп жазғаны) , «Балау аға келіңіздер», «Жеңіс жыры», «Күрес күндерінде» поэмалары мен «Гвардия, алға» лиреттосы. «Сыбызғының сыры», «Ариадна арқауы» пьесалары, «Шоқан Уәлиханов» (1954) трагедиясы. Қазақ драматургиясын байытқаны.
«Сәкен Сейфуллин» драмасының С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» пьесасымен, «Тар жол, тайғақ кешу» романымен үндестігі. Драманың алғаш «Дала дауылпазы» деген атпен жұрт назарын аударғаны. Колчак, Анненков, Шайтанов, Төлебай, Қаранайлардың бейнелері. Сәкен, Надежда, Хамит арасындағы тартыс, әйел теңдігі мәселелернің қиюласа өрілетіні, пьесаның түрлі кедергеліреге кездесуі.
С.Мұқановтың «Саяхаттар», «Алыптың адымы» кітаптары мен «Цейлон шеруі», «Адам атаның шоқысы» атты қолжазба очерктерінің дүниетанымдық, этногрфиялық маңызы.
«Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер», «Абай-халық ақыны», «Абайдың ақындық мектебі», «Менің қателерім қандай», «Қазақтың ХYІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очерктер», «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», «Айтыс», «Сынға сын», «Жікшілдік туралы», «Мен қалай жазып келемін», «Халық мұрасы», «Жарқын жұлдыздар», «Қазақ қауымы», т.б. мақалалар мен зерттеу еңбектерін, оқулықтар жазуы.
„Халық мұрасы“, „Жарқын жұлдыздар“, „Қазақ қауымы“ – бұл қазақтарды өзін-өзі тануға, өзіне беріле қызмет еткен ардагер ұлдарының сіңірген еңбегін бағалуға бастайды.
С.Мұқановтың әдеби бейнесінің жасала бастауы.Шығармашылығының зерттелу жайы.
Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14–15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастады. 1918–19 жылдары Омбыдағы оқытушылар курсында білім ала жүріп М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогикалық курсы тарихынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады. Оқуды бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болды. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып‚ күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 1921–22 жылдары әр түрлі қызметтер атқарды‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітірді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926–28) болды. 1928 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) ун-тінің филол. ф-тіне оқуға түсті‚ аз уақыт оқығаннан кейін отбасы жағдайына байланысты Петропавл қ-на келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 ж. жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» дейтін альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығарм. ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 ж. Мәскеудегі Қызыл профессорлар ин-тының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 ж. бітірді. 1935 ж. респ. «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937–41, қазіргі ҚазҰПУ) проф. болып, қазақ әдебиетінен дәріс берді. 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай‚ 1920–30 ж. әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Сәбит Мұқанұлы әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір‚ заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирик. өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен романдар, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығарм-н талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. сан-салалы кітаптар жазды.
Сіңірген еңбектері
Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғ-дағы ойшыл-ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы жөніндегі шығарм. мақсатын жүзеге асыруда Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында болып‚ Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды.
Сәбит Мұқанұлы әдебиеттану саласына да көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге‚ поэзия теориясының қағидалары мен ережелеріне‚ өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялық‚ сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып‚ олардың халық шығармашылығындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау‚ зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты. 18–19 және 20 ғ-лардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармалары туралы зерттеу еңбектер жазды. 18–19 ғ-лардағы қазақ әдебиеті‚ Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев‚ 20 ғ-дың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Оның «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) атты кітабы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында жарияланған бірден-бір дұрыс еңбек болды. Еңбекте А.Байтұрсынов‚ М.Дулатов‚ Ж.Аймауытов, Ғұмар Қараш‚ С.Торайғыров‚ С.Дөнентаев‚ Б.Күлеев‚ Жұмабаев‚ М.Әуезов‚ т.б. ақын-жазушылар шығармаларына кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас тұрғысынан келгенімен‚ көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Жұмабаев туралы «Ақындық жағынан келгенде Мағжан‚ әрине‚ қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде‚ әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп‚ Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын жоқ» атты пікірін ашық жазды. «Қазақтың 18–19 ғ-лардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942‚ кейін тыйым салынған) атты монографиясында ақын-жыраулар (Бұқар‚ Байтоқ‚ Жанұзақ‚ Махамбет‚ Шортанбай‚ Шернияз‚ Мұрат, т.б.) поэзиясы мен жыр-дастандарға‚ сондай-ақ атақты тарихи тұлғаларға (Абылай‚ Кенесары) қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тұрғысынан қарады. М. қазақ елінің мүддесі‚ халық тағдыры тұрғысынан патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Сонымен қатар ол осыған дейін бір жүйеге түсіп жіктелмеген‚ жеке ғыл. талдау жасалмаған қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу нысанына айналдырды. М-тың 1944–45 ж. жазылып‚ 1961 ж. жарық көрген «Абай Құнанбаев» монографиясы автордың Абай туралы пікірлерінің және қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы көзқарастарының өсіп-жетілу кезеңдерін көрсетеді. Бұрынырақтағы «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар‚ шешендер» («Еңбекші қазақ», 1.3.1923) атты мақаласында ол Абайды ескішіл‚ байшыл ақындар қатарына жатқызып‚ үстем тап ақыны деп санаған болса‚ аталған монографияға дейін Абай болмысын танытатын көптеген құнды мақалалар («Абайды тану жолындағы пікірлер» («Қазақ әдебиеті»‚ 29.11.1934)‚ «Абай – халық ақыны» («Әдебиет майданы»‚ 1937‚ № 4‚ 5)‚ «Абайдың шәкірттері туралы» («Әдебиет және искусство»‚ 1951‚ №7‚ т.б.) жазып‚ абайтануға үлкен үлес қосты. Сондай-ақ оның «Саяхаттар» (1954), «Туған жердің тыңында» (1955), «Тыңда тұнған байлық» (1957), «Алыптың адымдары» (1959), «Замандас туралы аңыз» (1961) атты кітаптарында 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жинақталған. Оның «Өсу жолдарымыз» (1960), «Жарқын жұлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974‚ «Қазақ қауымы»‚ 1995) атты монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы‚ т.б. туралы жазылған сүбелі еңбек болып саналды. М. жаңа өмірге‚ бақытты өмірге қол жеткіземіз деп сендірген қоғамдық күштермен бірге соц. идеяларға үн қосып‚ туған елінің мүддесіне‚ халық кәдесіне жарайтын жақсылық табуға ұмтылды‚ суреткерлік дарыны мен қайраткерлік қарымын сарқа жұмсап‚ аянбай еңбек етті. Осы жолда кеңестік идеологияны қолдамаған алашшыл ақын-жазушыларды сын тезіне алып‚ тапшылдық ұстанымдарын айқын танытты. Әйтсе де олардың жазушылық‚ ақындық талантын жоғары бағалады‚ оларды қазақ кеңес әдебиетіне қызмет етуге шақырды. Қазақ халқының ұлттық тілі мен мәдениетіне қатысты Кеңес өкіметінің әр кезеңдердегі солақай шешімдеріне қарсы шығып‚ өзі сенген биліктің сынына да ұшырады. Осы кезеңде Сәбит Мұқанұлына «Алашорда ақыны Мағжанға қамқорлық көрсетті‚ С.Сейфуллин бастаған ұлтшылдар тобында болды‚ буржуаз. ымырашылдыққа барды» атты айып тағылып‚ саяси сенімсіздік көрсетілді. 1951 ж. 13–15 маусымда Қазақстан ҒА-сы мен Қазақстан Жазушылар одағының (Төралқа мүшелерінің) Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасы жөнінде өткізген пікірталасынан кейін Әуезов‚ Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов‚ т.б. әдебиет зерттеушілерімен бірге Сәбит Мұқанұлының да абайтанудағы «қателіктері» көрсетілді (Әуезовтің «Литературная газетаға» жазған ашық хаты‚ «Абай» журналы‚ № 2‚ 1996). 1956 ж. Қазақстан КП ОК қазақ баспасөздерін аудару арқылы дубляж жасауды ұсынғанда алғаш болып Сәбит Мұқанұлы қарсы шықты. 1956 ж. қазақ зиялы қауымы республиканың қоғамдық-саяси өмірінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы мәселе қойды‚ осыған орай Қазақ КСР-інің Жоғ. Кеңесі сессиясында сөйлеген сөзінде Сәбит Мұқанұлы «Қазақ республикасында қазақ тілі мәртебесін төмендетуге‚ респ. мекемелерде‚ жиналыстарда қазақтардың өз тілінде сөйлеуіне тыйым салуға ешкімге құқық берілмегендігі» туралы өткір пікір. Екі аптадан кейін Орт. к-тке «қазақ тілі тек қана тұрмыстық деңгейде қалып‚ мемл. тіл ретінде өмір сүруін шын мәнінде тоқтатқандығын» баяндай келіп‚ оны қалпына келтіру жолдарын көрсеткен өткір хат жазды.
ҚР Мемл. сыйл. 1-лауреаты атанды. Сәбит Мұқанұлы 2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталды. С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға ариалған тарихи-мәдени мекеме. Алматы каласыннда Төлебаев көшесі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965 - 1973 ж. тұрған үйінде 1978 ж. 21 қарашада ашылған. Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттелері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және тағы басқы құжаттар бар. Оның 1922 - 1935 ж. Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен кұжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің, С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұқанов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту," Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғ. Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан - Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашкар кызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар" (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сүлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттері, махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы ойылған.
Т.Кәкішұлы мен К.Ахметтің «Сәбит Мұқанов” атты әдеби-ғылыми ғұмырнамасы сәбиттануға қосылған сүбелі үлес


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет