«Өктем ой өрімдері” деп аталатын тарауда Сәбит пен Міржақып, Ахмет – Сәкен – Әбдірахман – Сәбит, Смағұл мен Сәбит, Қошке мен Сәбит, Ілияс пен Сәбит желілері арқылы көп шындықтың шымылдығы ашылады. Осы қалай дейтін күбірткелі сауалдарға жауап берілген, сондай-ақ, бұл тараудағы арнайы тоқталған бір мәселе: «Сәбеңнің әдебиет әлеміне, идеологиялық майданға келгендігін аңғартқан, аңғартып қана қоймай, осы жігіттен бірдеме шығады деп үміттендірген және шошындыра үміттендірген атышулы мақаласы” – 1922 жылы «Еңбекші қазақта” басылған «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!” дейтін мақаласы жөнінде. «Осы эссесінде Сәбең талайларды тарихтан сызып тастаймын деп үлкен қателіктерге ұрынды, ұлылардың аруағын қозғау Сәбит Мұқановқа өмірі кешірілмейтін күнә болды. Оны даттағысы келетіндер осыны дәлелге келтіріп, өздерінің жымысқы ойларын өткізіп жүрді, өткізіп келеді. Бірақ, тарих – әділетті, бәрін де өз орнына қояды”, – дейді кітап авторлары.
Әдеби-ғылыми ғұмырнаманың «Алғашқы асу” және «Шыңға шығу” дейтін тараулары С.Мұқановқа шулы даңқ әкелген, қазақ әдебиетінің тарихында елеулі орын алған, өлеңмен жазылған «Сұлушаш” романы мен «Адасқандар” романы жөнінде. «Сұлушаш” романын сынаған, сараптап талдаған, шын сипатын ашқан зерттеулердің арғы-бергісіне мол қамти тоқталған кітап авторлары: «Романның тіл шеберлігі – ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет үлгілерінің творчестволық жолмен қисынын тауып қиыстырылуының, бөлінбес бірлігінің нәтижесі”, С.Мұқанов «қазақ әдебиеті тарихында көркемдік дәуір жасады, этаптық шығарма берді”, деп түйінді пікірмен қорытады.
«Сұлушаш» поэмасы-трагедиялық шығарма. Поэманың шешімі Қозы мен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген тағдырларын еске түсіреді.
Поэмадағы негізгі мәселе-таптық теңсіздік. Байдың қызы Сұлушашқа кедей жігіті Алтайдың ғашықтығы жолындағы тас бөгет-бұлардың ата-аналарының арсындағы дүние-мүлік теңсіздігі, тұжырып айтқанда, таптық кереғарлық.Ақын барлық өмір құбылыстарына таптық көзқарас тұрғысынан баға береді. Бай мен кедейді салыстыра көрсетіп, теңсіздікті әділетсіздік деп түсінеді.Алтай бейнесін суреттеуде:
Сол бір беткей бетінен қайтпаймын деп,
Жасында талайлардан тепкі көрді.
Бала күннен әлдінің қылығы өтіп,
Жас күнінен өзегі өртті болды,-деген жолдарда да Сәбит байлардың халыққа жасаған қиянатын суреттеген.
С.Мұқанов қай жанрда қалам тартса да қазақы салт-дәстүрді шебер өрнектеген. Поэмадағы негізгі кейіпкер-Сұлушаш. Қазақ бабамыз қызды үйдің қонағы деп төрге отырғызып, бетінен қақпаған. Оның бар сән-салтанатын арттырып, құрмет тұтқан. Сұлушаш портретінен осыны аңғаруға болады.Мысалы:
Қаламмен жалғыз сызық тартқандай боп,
Қиылды қап-қара боп қиғаш қасы.
Қарақат көз, қыр мұрын, ұзын кірпік,
Тістері меруерттің тізген тасы.
Басына бәт құндыздан киді бөрік,
Тізеден қара шашты жіберді өріп.
Шеберге шашын ылғи маржандатты,
Бір рет өргеніне бір ат беріп,-деп жырланған. Бір жағынан байдың қызынан ештеңе аямайтын дәулеті паш етілсе, екінші жағынан қазақ қызының тек шаш өруінің, оны күтуінің өзі үлкен сын екені айтылады.
Этнограф ғалым -Иә, осы орайдаайтакетейін. Жалпықазаққызыныңкиімкиісі, жүріс-тұрысыарқылысөйлемей-ақкөпнәрсеніұқтырған. Шашөрусәніналсақ, егербірөрімболса, қызата-анасыныңүйінде, оңжақтадегендібілдірген. Ал қосөріметіп, ұштарынқосыпбайлапқойса, олбіреудіңнекелі жары дегендіұқтырсакерек. Қызынкөріп, айттыруғакелгенкездіңөзіндежігіттіңата-анасықазаққызыныңшашындағышашбауыныңсылдырынақарапмінезінажыратқан. Шашбаужайыменсыңғырапестілсе, мінезісалмақтыдепсанаған. Бұлата-бабамыздыңөмірденалынғантәрбиефилософиясы. Қазірсолтізедентөгілгенқолаңшаштыбұрымдықыздаразайып бара жатқандайболыпкөрінеді.