«Есею жылдарында» Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Әбілқайыр Досов, Белаш, Зікірия Мухеев, Ораз Исаев, Жанайдар Садуақасов, Ораз Жандосов, Сейітқали Меңдешевтер есімі аталады. Негізгі кейіпкерлердің бірі болып отыратын жазушы шығарманың басынан аяғына дейін көрініп, үлкен тартыс, зор оқиғаға тікелей араласып жүреді. Социалистік құрылыстың әрбір саласынан көрінетін тарихи адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін жазушы ұтымды әңгімелеген. Революционерлердің социалистік құрылысты нығайту жолындағы, идеология майданындағы жүргізген күресін көркемдік шындыққа көтере суреттеген.
Жазушы бір жүріп, бірге болған адамдар жайын сөз еткенде олардың характерлерін ашудан көрі өмірбаяндарына көбірек тоқтайды. Романда қаһармандардың арасындағы өзара кикілжің, атақ мансапқа таласу жақтары көп айтылған. Бұл ұнамды образдардың саяси, әлеуметтік мәселелерде атқарған зор істерін көрсетуге көлеңке түсірген.
Сабит Мұқанов ақындық өнерін лирикадан бастап, жиырмасыншы жылдардың екінші жарымында көлемді поэмалар жазды. Ұлы Октябрь революциясына дейінгі қазақ әдебиетінде өріс алған поэзия жанры жас талантқа игі ықпал жасаған. Ол халық мұрасының асыл дәстүрлерінің де молынан үйренген.
«Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген,тарихи шындыққа суарылып жазылған шығарма. Қазақ халқының осы романда суреттелетін кезеңдегі хал жайы өз алдына бөлек, томаға-тұйық баяндалмайды, бүкіл Ресей өмірімен, ондағы алуан қырлы, мың сырлы оқиғалармен байланыстырыла айтылады. Өйтпейінше, тарихи шындық сақталмаған болар еді. Жазушы бұл шындықты берік сақтайды. Патшалық Ресейдің Германиямен соғысы, яғни дүние жүзілік бірінші соғысқа араласуы — мұның бәрі алыстағы Қазақстанда елеусіз, яки зардапсыз өтіп жатқан оқиғалар емес-ті. Жазушы шыншыл суреткерлікпен осындай алуан түрлі оқиғаларды қамтып, олардың құяр арнасын, негізгі желісін тапқан. Тараулары: „Тұңғиықта“, „Таң атарда“, „Күн күлімдегенде“ «Ботагөз» романы кезінде қазақ әдебиетінің тарихында сапасы жағынан өскен әдебиеттер талабын көтере алатын, бірден-бір күрделі окиғалы, сақа туынды аталғанын айту жөн. Осы күнге дейін сан рет басылып, оқушысын тауып отырған бұл шығарма бүкіл кеңестік дәуірдегі әдебиет қорының төрінен орын алды, орыс тіліне аударылуы арқылы Кеңес Одағының көптеген халықтарының сүйіп оқитын кітабына айналды. Өйткені роман оқушысын, біріншіден, көркем жазылған, сом соғылған туынды болуымен тартса, екіншіден, онда айтылмақ жайттар көптеген ұлттардың, әсіресе Орта Азия халықтарының барлығының дерлік басынан кешкен қиын - кыстау халдеріне ұқсауымен, яғни патшалық Ресейдің бұрын отарлы ел болып келген халықтарының көкейкесті жайын баяндауымен тартты. Бұл сәтте айта кететін жәйт қазір романға көзқарастың өзгеруі. КСРО құлағаннан кейін большевиктер партиясының Кеңес өкіметінің романда дәріптелуі артық, қате деп танылып отыр. Романда қазақ халқының ұлттық сипаттары: дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы шынайы суреттелген. . Ботагөз — жоғарыда айтылғандай, шытырман оқиғалы, сом туған, бір бүтін көркем шығарма. Айта қаларлықтай жоғары дәрежеде жазылған романның көркемдігі жайында айтар жайттар көп. Ол: сюжет, композиция, тіл, бейне жүйелері, оқиғалардың өрбу, өсу, аяқталу кезеңдері сияқты, кейіпкерлердің сырт суреті, немесе ішкі мінез-құлқы сияқты мәселелері. Романның фабуласы, яки сюжеті қиыннан қиыстырылған. Оқиғалардың бірінен-бірі өрбіп-өніп, білгілі бір шегіне жеткен соң, шешімін тауып, заңды аяқталып отыратыны ерекше көңіл аударады. Әуелде болмашы жылғадан басталып, кейін кең арналы дариядай ұлғайып, жағасынан аса тасып барып тынады. Деңгейі (кульминация)— Амантай бастаған көтеріліс, Итбайдың өлімі, күреске шыққан қалың қол, жеңіс. Міне, осыған дейінгі оқиғалар әр тараптан өрбіп келе жатады. Онын басты салалары әр кейіпкердің іс-әрекетіне, тағдырына байланысты. Романдағы басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қайраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген. Ботагөздің оқуы, есеюі, Асқармен арақатынасы бір арна болып, кейін саналы күреске апарса, Амантай тобы бара-бара көтеріліске, айқасқа ұласады. Итбай мен Кулаков әрекеттері де әуелде ашық айқын білінбегенімен, кейін ашықтан-ашық жаулық сипат алады. Негізгі екі күштің арасалмағы уақыт, мезгілге карай өзгеріп, алмасып отырады да, ақырында қатты шиеленісу, айқасу үстінде әділдік, шындық жеңіп, кара күш, әділетсіздік жеңіліс табады. Оқиғалардың бұлай ойға қонымды, ақылға сыйымды өрбіп аяқталуы жазушының алға койған мақсатының орындалуы, жоспарланған істің бітуі сияқты Шығарманың басынан аяғына дейінгі ұзақ жол, романның құрылысы яғни қаңқасы — оның композициясы болмақ. Бұл жағынан да нық қиюласқан, бір бүтін тұтасқан дүниені көреміз. Мәселен, сюжетте баяндалатын сан алуан оқиғалар бет-бетіне бытырап жуыспай жатса, немесе эволюциялық даму орнына бірден жалаң хабарлау болса, бұл — романның композициялық кемшілігі болар еді. Сюжет белгілі мақсатты жүзге асыратын элемент яғни негізгі мазмұн, құрылыс материалы болса, композиция — соны құрастырудың, жолы, әдісі. «Ботагөз» романы құрылысы жағынан да мүлтіксіз шыққан. Әрбір тарау, бөлім бірін-бірі толықтырып, сюжетін қамтитын оқиғаларды өзара байланыстырып ұстап тұр. Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі – "Сұлушаш" поэмасы. Оны өлеңмен жазылған роман деп те атайды. Қалай болғанда да осы шығармасы арқылы ақын дәуір шындығын тарихи тақырып тұрғысынан кең қамтып бейнелеуде елеулі табысқа жетті.
Шығарманың сюжеттік желісін ел аузындағы аңыздан алғанымен, ақын оны өз дәуірінің талабымен шебер ұштастырады. Жастардың бостандыққа ұмтылуы арқылы автор жалпы адамзат баласына тән азаттыққа ұмтылу идеясын көрсетеді.
Автор аңыздағы халықтық сарынды сақтайды да, оқиға мазмұнына өз жанынан өзгерістер енгізеді. Сол арқылы өмір шындығын, әлеуметтік мәселелерді терең бейнелейтін реалистік шығарма жасайды. Поэмадағы оқиға бірін-бірі сүйген екі ғашық – Сұлушаш пен Алтайдың махаббатына кұрылған.
Поэманың кейіпкерлері Сұлушаш пен Алтай екі түрлі әлеуметтік ортадан шыққан. Сұлушаш атақты Тілеуберді байдың ерке өскен қызы болса, Алтай – байдың малын бағып жүрген жалшы жігіт. Өмірден көрген қиындығы мен таршылығы Алтайдың намысшыл, жігерлі болып өсуіне ықпал етеді. Оның бойында тағдырдың әділетсіздігіне қарсылық, наразылық ерте оянады.
Алтай Сұлушашқа ғашық болады. Қыз да өнерлі жігітті ұнатады. Бірақ қоғамдағы салт-сана тәртібі екеуінің қосылуына жол бермейді. Өйткені бірі – байдың қызы, бірі – құл мен күңнің баласы.
Армандарына жету жолында жастар көп қиындықтар көреді. Озбырлардан қанша қысым көрсе, олар өз сезімдері жолында бастарын тәуекелге байлайды. Махаббатқа адалдық оларды неге болса да тайсалмай қарсы тұруға жетелейді. Алтай мен Сұлушаштың озбыр топтан қашып шығып, қол ұстасып иесіз тауды паналаған кездерінде, ашығып-тарыққанда оларға осы сезім қуат береді. Алтайдың жанында сенімді серігі Қайсар болады.
Үшеуі тауды паналап, талай қиындыққа кездеседі. Құстың ұясынан жұмыртқа алам деп жартасқа өрмелеген Қайсар құздан кұлап өледі. Алтай мен Сұлушашты оңайлықпен ұстай алмасын білген қуғыншылар таудың етегіндегі қалың орманға өрт қояды. Сондай бір сәтте өрттен қашқан жолбарыспен бетпе-бет келген Сұлушаш жар басынан өзенге секіріп суға кетеді. Жан досы мен сүйген жарының өлімін көрген Алтай өз жүрегіне өзі қанжар салып көз жұмады.
Ел ауызындағы аңыз желісіне құрылған поэманың оқиғасы осындай. Бас еркіндігін аңсаған жастардың трагедиясы аянышты. Дегенмен бұл трагедияны ақын бірлі-жарым жастардың басындағы күй ретінде суреттемейді. Оны әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Бұл қайғылы оқиғаға себешпі сол кезеңдегі қазақ өміріндегі әлеуметтік теңсіздік екенін баса айтады.
Поэмадағы оқиғалар біріне-бірі жалғасып, ширек дамиды. Кейіпкерлердің іс-әрекеті де үнемі үдеп, бірте-бірте тұлғалана түседі. Оқиғаны баяндауда, кейіпкерлердің образын сомдауда автор фольклорлық бейнелеу құралдарына жүгініп отырады. Мәселен, С.Мұқанов суреттеген Сұлушаштың сұлу бейнесі де, байдың қызы бола тұрып, кедей жігітке ғашық болуы, сол жолда мерт болуы да лиро-эпостық жырлардағы ару қыздарға ұқсайды. Дегенмен Сұлушаштың іс-әрекеті нақты, өз дәуірінің әлеуметтік жағдайларымен үндес, шынайы өмір шындығымен астасып жатыр.
Парасатты, көркіне ақылы сай Сұлушаш ғашығы Алтайдың кедейлігін мін санамайды, онын адамгершілік қасиеттерін қадірлейді. Алтайдың бойында да байлар әулетіне деген ыза мен кек бар.Өйткені көзін ашқаннан бері көргені – байдың есігіндегі жалшылық, жоқшылық, қиянат. Дегенмен шынайы махаббат сезіміне келгенде екі жастың арманы да, мақсаты да үндесіп кетеді. Бірлесеотырыпөмірдегіқиянататаулығақарсы, адамның бас еркіндігіжолындаақтық, сәттерінедейінкүреседі.
"Сұлушаш" поэмасында автор тек әлеуметтікмәселелерді, екіғашықтыңмахаббатжолындағытрагедиялықтағдырынғанасуреттемейді. Поэмадаадалдық» ар тазалығымәселесі бар. Сұлушаш пен Алтай арасындағығашықтықарқылыақынмахаббатқаадалдық, ардынтазалығытуралымәселекөтерсе, Қайсар образы арқылыдосқаадалдық, адамгершіліктазалығыжайынаноқырманға ой тастайды. Поэманыңкомпозициялыққұрылымышебер, тілікөркем. Бейнелеуқұралдарыәралуан. Оқиғабарысын, кейіпкерлерініңіс-әрекетінбаяндағанда, ауылтіршілігін, жылқышыларөмірін, табиғаткөріністерінсипаттағанда, ақынқарапайымбояуменәдеміөрнексалады. Поэма кейіпкерлерініңішкітолғаныстарын, сезімкүйлерінәсерлібейнелейді.