Дәріс №14 Тақырып атауы



бет4/6
Дата24.05.2022
өлшемі44,85 Kb.
#35554
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция-1598506578392

Өткен ғасырдағы алмағайып кезеңде бұрынғы зор тұлғасы аласарғандай, айқын келбеті көмескі тартқандай болған алыптарымыздың бірі – Сәбит Мұқанов еді. Кеше ғана Мұхтар Әуезовтің: «Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты – қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі” деп, Ғабит Мүсіреповтің: «Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия”, деп Мұхаметжан Қаратаевтың: «С.Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді” деп, Расул Ғамзатовтың: «Біздің әдебиетіміздің Эльбрустарының бірі” деп, Сәйфи Құдаштың: «Шын мағынасында үлгі-өнеге тұтатын кең құлашты жазушы”, деп т.б. атын аңызға айналдыра бастаған Сәбит Мұқановты ХХІ ғасырдағы қазақ оқырмандарына қалай таныстыру керек дейтін сауал бүйірден қойылды. Осы сауалға алғашқылардың бірі болып жауап іздеген, С.Мұқановтың мұраларын қызғыштай қорып, ғайбат сөздер мен жазықсыз жала жабулардан арашалап келе жатқан көрнекті сәкентанушы әрі сәбиттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев екендігі әдеби-ғылыми ортада әмбеге аян болса керек.
«Қазақтың ұлан байтақ даласының, Мен де бір көпке ортақ өзенімін”, деп нар сеніммен ғұмыр кешкен Сәбең неден қателесті, неден жазықты болды, кінәлі болса, не себепті халық жүрегіне жол тапты дейтін көптеген сауалдардың жауабын іздеген кісі «Сәбит Мұқанов” әдеби-ғылыми ғұмырнама кітабын бастан-аяқ шолып, оқып шыққаны жөн.
Кітаптың ең ауыр жүгін «Даңқ тұғырының шайқалуы” атты І тарауы арқалап тұрғанын аңғарамыз. Кітаптың 44 бетін алып жатқан бұл тарауды бей-жай отырып оқу мүмкін емес. Әсіресе, С.Мұқановтың 20-30 жылдардағы жетістіктері мен шалыс басқан қадамдары, әдебиет майданындағы даусыз табыстары мен солақай сілтеген тұстары, таптық көзқарасты қалыптастырудағы жанкешті еңбектері және алашордашылармен ат құйрығын кесісуінің себеп-салдарлары, қазақ әдебиетіне үлкен олжа салған прозалық, поэзиялық және ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуы және өзі сенген, көзсіз табынған большевиктер партиясының мұны кеудесінен итеріп, қатарынан шығаруы, ұлттық мұраларымызға, тарихи тек-тамырларымызға ерекше қамқорлықпен қарауы және кеңестік өмірдің жаршысы әрі жыршысы болуы, кейбір кезеңдік мәселелерде, әдебиеттің жеке тұлғаларына қатысты айтыс-тартыста қате де қиғаш тұжырымдар жасауы және өзінің сол мүлт кеткен, қателескен тұстарын кейін өз қолымен қайтадан түзетуі, т.б. толып жатқан ірілі-ұсақты уақиғаларға уақыт, заман, қоғам биігінен қайта баға берілуі, жан-жақты таным сүзгісінен өткізілуі бұл еңбектің құнын арттыра түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет