1925
жылы желтоқсан айында
БК(б) Партиясының
XIV
съезі
өтті.
Онда елді социалистік
индустрияландыру
бағыты жарияланды.
Индустрияландыру
–
1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен
жарақтандыру,
2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған
халықтың пайда
болуы.
Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда
біршама кешірек басталып,
уақыты жағынан КСРО Халық
шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.)
тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.
Қиыншылықтар
:
1.Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.
2.Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Территорияның 1000 шаршы
шақырымына 1 шаршы шақырым темір жолдан келді.
3.Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90 % - і шаруалар еді.
4.Жергілікті мамандардың жетіспеуі.
5.Жаңа
экономикалық саясат тоқталып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің
жаңғыртылуы.
6.Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.
7.Әміршілдік -төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.
Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%)
сақталды.
Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті
міндеттері
:
1.Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.
2.Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік -
техникалық мамандарды қалыптастыру.