Дәріс 17. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан»


Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата20.11.2023
өлшемі5,57 Mb.
#124988
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. 
1) Шаруаларға үстеме салықтар салынды. 
2) Республикалардың барлық жинақталған қорлары мемлекеттік бюджетке қосылды. 
3) Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидеялар мен дотациялар 
бөлу (1931 – 1934 жж. - 2 млрд. 137 млн. сом).
4) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. 
5) Жазалау саясатын қолдану сияқты тәсілдер тән болды.
Негізінде елді экономикалық артта қалушылықтан шығару сияқты игі мақсатпен басталған бұл 
жұмыс әкімшіл - әміршіл, бұлтартпайтын әдістерімен жүргізілді. Көптеген жаңа құрылыстар 
жазықсыз қудаланған адамдардың еңбегімен көтеріліп, ондай қудаланған адамдардың саны үнемі 
толықтырылып отырды.


Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: 
1) Халық дәстүрі бұзылды.
2) Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.
3) Лагерьлер жүйесі орнықты. 
4) Қазақстан Россияның шикізат көзіне айналды.
 
Индустрияландыру ерекшеліктері:
1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері 
екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде 
салынды. 
2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан
негізінен Россия мен Украинадан әкелінді. 
3) Жергілікті мамандар жетіспеді. 
4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі 
қоныстар, қала халқы көбейді.


Индустрияландыру барысында бұқаралық 
социалистік жарыс 
өрістеді. 1930 жылы республикада 10 
мыңнан астам екпінділер болды. Домбастың жаңашыл забойшысы 
– 
Алексей Стаханов 
бастамасы ел 
көлемінде насихатталды. 
Қазақстандағы алғашқы Стаханов ізбасары 

Қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев

Стахановшылар 
қозғалысы халық шаруашылығының барлық маңызды салаларын қамтыды.
1935 жылғы желтоқсанда республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті 
болды. 
Қазақстан индустриясының еңбек ерлері: 
Ә. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, Б. Нұрмахамбетов, З. 
Табылдинова, А. Сафин.
















Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға 
ұшыраған.
Оларға жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды. 
-1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 360 мыңдай адам 
жер аударылды.
-1937 жылы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
деген сылтаумен онда тұратын корей халқын Қазақстан мен Орта Азиядағы өзге де 
республикаларға 
әкелді. 
Оның 
ішінде 
20141 отбасы (95421 
адам) Қазақстанға орналастырылды.
-1940-1941 жылдары поляктар қоныс аударылды. II дүниежүзілік соғыс жылдары 
олардың саны 105 мыңға жетті. 
- КСРО Жоғаргы Кеңесі Төралқасының 1941 жылы 28 тамыздагы «Еділ 
жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы» №21-160 жарлыгына сәйкес, 1941 
жылы күзде 1 млн. 120 мыңдай неміс Еділ бойынан көшіріліп, Қазақстанға 420 мыңы 
орналастырылды.


-1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиясы жойылды да, 14 
қазанда КСРО ХК К-і қарашайларды жер аудару жөнінде құпия қаулы 
қабылдады. Соның негізінде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 
адам) Қазақстанға қоныс тепті. 
-1944 
жылы 

наурызда 
Шешен-Ингуш АКСР-ін 
жою 
туралы жарлық шықты. 
Қазақстанға 
89901 
отбасы 
(406375 
адам) 
орналастырылды.
-1944 жылы 5 наурызда балқарлардың тағдыры да осылай шешіліп, 4660 
отбасы (21150 адам) Қазақстаннан бірақ шықты. 
-Осындай қаулы, жарғылардың салдарынан 1944 жылы қалмақтар (2668 
адам), түріктер (13260 адам), күрдтер (5530 адам) ата қоныстарынан 
аластатылды. Күштеп көшіру соғыстан кейінгі жылдары да жалғасын тапты.


-1946 жылы басында Қазақстанға тек Солтүстік  
Кавказдан
,
Грузиядан

 Қырым автономиялық республикасынан 
қоныс
 аударылғандардың жалпы 
саны 107272 отбасы (412191 адам) болды.
-1954 жылы 1 қаңтардағы 
есеп
 бойынша, Қазақстанға қоныс 
аударғандардың саны 2 млн. адамға жетті. 
Депортацияға ұшыраған 
халықтардың
 жағдайы өте нашар болды. Азық-
түлік, тұрғын үй, киім-кешек қат болды. 
Суықтан
, аштықтан, жұқпалы 
індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер басқармасының 1944 
жылы есебі бойынша, 
қоныс
 аударылғандардан 144704 адам, оның ішінде 
Қазақстанда 101036 адам өлген. 


Депортацияға ұшыраған 
халықтар
 жаңа қоныстанған жерлерінде 
қатал 
тексеруден
 өтіп тұрды. Олар рұқсатсыз ешқайда да бара алмады. 
Тіпті, корші ауылдардағы туған-туыстарымен араласуға тыйым 
салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс аударылып келгендерге барынша 
қамқорлық жасады.
-1956 жылы 
Сталиннің
 жеке басына табынуды айыптап, саяси-
қуғын 
сүргін 
құрбандарын 
ақтау
 басталған 
кезеңде 
ғана
депортацияланған  
халықтар
 тағдырына оң өзгерістер ене бастады.
-1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, 
шешен, ингуш, балқар, қарашай, 
қалмақ
 халқының өкілдері өз 
тарихи
отандарына қайтуға мүмкіндік 
алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет