Топырақтың ластану түрлері: Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану— ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен елсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану- топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
«Озон тесігі»
Атмосферадағы озон проблемасының адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар:
Озонның жоғарғы қабаттағы бұзылуы («озонэкраны»).
Жерге жақын кеңістіктегі концентрациясыныңкөбеюі.
Озон экранының шекарасындағы озон (О3) екі атомдық оттегі молекуласының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен ыдырап, келесі бір оттегі молекуласымен қосылуы нәтижесінде түзіледі. О3 тұрақсыз болғандықтан қайтадан О2 түзіліп отырады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарындағы озон мөлшері 3%-ке азайған. Егер озон 1% азайса, онда терінің рак ауруы 5-7% көбейеді. Озондық ең көп жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерде соңғы 30 жылда озон қабаты 40-50% жұқарған.
Озон концентрациясының азаюы тіркелген кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.
«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес. Ең алғаш рет олар XX ғасырдың 80-жылдарының басында байқалған.
Озон қабатын бұзатын негізгі антропогендік факторға фреондар (хладондар) жатады.
«Қышқылды жаңбырлар».Күкірт оксиді – қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырлар басқа заттардың, әсіресе СО2, шығаруларына байланысты.
Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908 жж. Англияда тіркелген. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинавия елдері үшін, Англия, Германия, Белгия , Дания, Польша, Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.