Дәріс (2 с.) Психикалық даму парамертлері, пихикалық дамудығы әртүрлі теориялар, бағыттар



бет2/3
Дата19.09.2023
өлшемі28,35 Kb.
#108725
1   2   3
З. Фрейд психоанализ негізін қалаған, австрия психологы әрі дәрігер-психиатры. Тұлғаның психологиялық теориясын ұсына отырып, оның құрамын: санасыз(Ид)-түс көру, саналы (Эго) және санадан тыс (Супер-Эго) қарастырды. Бұл жерде -Ид құндылық, қайырымдылық пен зұлымдық, мораль туралы білмейді, Эго –бұл ырықты тәртіпке жауап беретін тұлға құрылымы ретінде инстинкті бақылап әрі басып отырады. Сана алды –психиканың топографиялық қабаты. Сана- шынайы дүниенің бейнесі ретінде, тек адамға ғана тән және олардың еңбек ету үрдісінде дамитын психиканың жоғарғы формасы. Бұл қабат кейде «қол жетерлік ес» деп те аталады. Дер кезінде еске келмейтін барлық тәжірибені, аяқ асты немесе өте аз күш жұмсау нәтижесінде санаға жеңіл түсуі мүмкін. З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. З. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. З.Фрейд бұл қақтығыстың психикалы өмірді қандай үздіксіз драммаға айналдыратынын пессимистік тұрғыда суреттейді. З. Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж. Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер етті. З. Фрейд пен Ж. Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шырылдап жылауды бірдемені алдын-ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп есептеді.
Бала дамуның психоаналитикалық тұжырымдамасы:
1. Оральды деңгей (0-1 жас);
2. Анальды деңгей (1-3 жас);
3. Фаллистік деңгей (3-5 жас);
4. Латентті кезең (5-12 жас);
5. Генитальды деңгей (12-18 жас).
З. Фрейдтің тұжырымдамасы (Психикалық жыныстық даму кезеңдері)



Психикалық жыныстық даму кезеңдері

1

Оральды
Кезең



0-1,5 жас

Эротикалық əуестік тамақтану қызметімен, тамақтану қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты.Эрогенді аймақтары ауыз, ерін, тіл. Екі кезеңді қамтиды.

Оральды-
инкорпо-
ративті
кезең

1-6 ай

Аутоэротизммен (жыныстық əуестікті қанағаттандыру үшін сыртқы объектілерге мұқтаждық етпеу) жəне терең нарциссизммен, яғни бала либидосының толықтай өзіне бағытталуымен сипатталады. Бала өзін анасынан ажыратпайды. Анасының омырауын ему лəззаттандыратын мінез-құлық түрі болып табылады.

Оральды-
садистік
кезең

6-12 ай

Баланы анасының омырауынан шығарумен сипатталады. Емізу арасындағы уақыт ұлғаяды. Анасы өлшемге бағындырғысы келіп, лəззат алуға кедергі келтіріп, баланың тамақтану мінез-құлқын реттей бастайды. Салдарынан бала алғашқы рет ақиқаттың өз қажеттілігіне əркез сəйкес келе бермейтіндігін түйсініп, кедергісіз рахат ала алмайды. Екіншіден, анасы баласын жалғыз қалдыра бастайды. Жаңа тəжірибенің ықпалынан бала Эгосының қалыптасуында өзгерістер орын алады.

2

Анальды
кезең

1-3 жас

Бала қоғамға – ересекке ашық қарсы шыға бастайды. Эрогенді аймағы анус.

Анальды-
садистік
кезең

1-1,5 жас

Бала мен ересектің қарама-қарсылығымен сипатталады.

Анальды-
ретентивті
кезең

1,5-3 жас

Баланың өз қызметтерін ерікті реттеуімен сипатталады. Тұлға ұстау-жіберу түрінде ортасын бақылай алу мінез-құлқына ие болады. Бала алғаш рет лəззат алу мен ақиқат қағидаларын салыстырады. Бұл баланың сыртқы əлеммен қатынасын реттеуге негіз болады.

3

Фалликалық
кезең

3-5 жас

Баланың танымдық іс-əрекетінің, бағынышты жыныстылығының артуы жыныстардың арасындағы айырмашылықтың айқындалуына
əкеліп, адамдардың арасындағы қатынастардың жыныстық аумағына қызығушылықтың туындауымен сипатталады.

4

Латентті
кезең

6 жастан
жыныстық
жетілуге
дейін

Жыныстық даму кідіріп, баланың есінен алғашқы жыныстық күйзеліс ығыстырылады. Либидо энергиясы ойынға, оқуға, хоббиге көшіріліп, əлеуметтік қалаулы тілектерге бағытталады.

5

Гени-
тальды кезең

12-18 жас

Қарқынды жыныстық жетілумен жəне жыныстық энергия либидо қысымының артуымен сипатталады. Эрогенді аймақтары қынап.

Ал, Л.С. Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарымқатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту үдерісінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л. С. Выготский енгізген. оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Ол бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С.Л. Рубинштейн Л.С Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Л.С. Выготский адам психикасының əлеуметтік-тарихи шартталуының қағидасын жəне оның онтогенезде дамуының ерекшелігі жайлы қағиданы ұсынып, негіздеген. Л.С. Выготский тұқымқуалаушы және әлеуметті мезеттердің даму үдерісінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда(түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар – адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады. Л.С. Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп көрсетті.
1. Циклділік
2. Дамудың бірқалыпты еместігі
3. Бала дамуындағы метаморфоздар
4. Бала дамуындағы эволюция және инволюция үдерістерінің байланысы.
Л. С. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, егер Баланы ақылды етемін десеңдер, - деді Л. С. Выготский, - оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді. Бұл пікірдің сол кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінеді.
Л.С.Выготский «дамудың əлеуметтік жағдаяты» ұғымын психологиялық жастың құрылымы мен динамикасы туралы ілімге енгізеді. Ғалымның ойынша дамудың əлеуметтік жағдаяты бала мен оның айналасындағы ақиқаттың, əсіресе əлеуметтік ортаның арасындағы бірегей, жалғыз əрі қайталанбас, ол жас шамасына оғаш, ерекше қатынас болып табылады. Дамудың əлеуметтік жағдаятының талдауы баланың қоғамға «жақын» жəне «алыс» қатынастарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қатынастардың бірінші жоспары – бұл «бала – қоғамдық ересек» қатынастары. Ондағы ересек адам іс-əрекеттің нормалары мен қоғамдық мəндерінің, əлеуметік талаптарының өкілі ретінде анықталады. Екінші – «бала – жақын ересек жəне құрдасы» жоспары жеке дара-тұлғалық қатынастарды жүзеге асырады. Адамның ақыл-ойы әуел бастан еңбек үстінде еліктеуден пайда болғанын тұңғыш рет дәлелдеген психолог Л.С.Выготский болатын. Адам әрекет еткенде мазмұны жағынан да, шешу тәсілі жағынан да алуан түрлі проблемалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет