Мәдени-тарихитұжырымдама(Л.С.Выготский. 1927)
Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары:
- Бала дамуы уақытқа қатысьы күрделі ұйымдасқан: өз ритмі уақыт ритмімен сәйкеспейді (нәрестенің бір жылы жасөспірімнің бір жылына тең емес);
- Бала дамуындағы метамарфоза заңдылығы (бала тек кіші ересек емес, ол психикасы сапалы түрде ерекшеленген тіршілік);
- Дамудың біртексіздік заңдылығы: бала психикасының әр қырының өзіндік тиімді даму кезеңі болады.
-Жоғарғы психикалық “сырттан ішке” қызметінің даму заңдылығы. Жоғарғы психикалық қызметтің ерекше сапалары: жанамалық, саналылық, ырықсыздық, жүйелілік.
Л.С.Выготский адам дамуын «жас дағдарыстарымен» байланыстары отырып, бірнеше кезеңге бөледі:
1. Жаңа туған шақтағы «дағдарыс» (2 айдан 1 жасқа дейін)-нәрестелік шақ.
2. 1жастағы «дағдарыс» сәбилік шақ..
3. 3 жастағы «дағдарыс» - мектепке дейінгі кезең.
4. 7 жастағы «дағдарыс» - мектеп шағы.
5. 13 жастағы «дағдарыс» - пубертатты кезең.
6. 17 жастағы «дағдарыс»- жастық шақ.
Жақын аймақтағы даму дегеніміз баланың өзекті даму деңгейі мен ересектердің жетекшілігімен түрліше жаттығулар көмегімен мүмкін болар даму деңгейінің аралығы.
Жақын аймақтағы даму – баланың ақыл ойын диагностаудағы көрсеткіші әрі шарты.
Жақын аймақтағы даму – жас ерекшелік психологиясын диагностаудағы норма (Л.С.Выготский).
Тұлғаның эпигенетикалық теориясы (Э.Эриксон) Эрик Эриксонның басты қағидалары:
- «Мен» және қоғам қатынасы туралы психоаналитикалық тұжырымдама;
- Әлеуметтену процессін зерттеу;
- «Топтық сәйкестік» және «эго сәйкестік»;
- Сәйкестіктің барлық түрлерінің қалыптасуы даму дағдарысымен ере жүреді.
Өмір жолының деңгейлері:(Э Эриксон)
- Нәрестелік кезең (оральды деңгей)-сенім-сенбеушілік;
- Ерте балалық шақ (анальды деңгей) – автономия, күмән, ұят;
- Ойын шағы (фаллистік деңгей) – бастамашылдық-кінәлілік сезімі;
- Мектеп шағы (латентті деңгей)-жетістік –өзіне сенімсіздік;
- -Жасөспірімдік (латентті деңгей)-сәйкестік –диффузды сәйкестік;
Жастық шақ - интимділік-оқшаулану;
- Кемелденген шақ - шығармашылық-тежелу;
- Қартаю - ықпалдастық-өмірден түңілу.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар: 1. Бала дамуына әсер етуші факторлар.
2. Балалар психологиясындағы когнитивті бағыт (Ж.Пиаже).
3. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдама.
4. Тұлғаның эпигенетикалық теориясы.