Дәріс (2 с.) Тәрбие түрлері


Тәрбиеленушіге еркіндік берудің және шығармашылық көзқарастың маңызы



бет2/2
Дата20.09.2023
өлшемі17,23 Kb.
#109180
1   2
Байланысты:
Лекция-1663819830686

Тәрбиеленушіге еркіндік берудің және шығармашылық көзқарастың маңызы. Тәрбие үрдісінде ізгілік маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушінің жеке басында өзіндік еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын, жеке басті дамыту идеясын, өзара ынтымақтастық идеяны жүзег асыруға толық мүмкіндік тумайды.
Тәрбие ісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде де адалдык шыншылдық, өділдік сияқты адамгершілік қасиеттердіі толық сақталуына нұқсан келуі мүмкін. Бала өз ойьп ұстазына іркілмей толық және ашық жеткізуі үшін оған еркіндік беру керек.
Бала педагог алдында өзін неғұрлым еркін сезінсе, ойын соғұрлым ашық айта алатьш болады Тәрбиеші баланың білімге қызығушылығына, ой-қиялына азаматтық борыш сезіміне, өз бетінше әрекет етуп тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдайд: ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады. Бұл заңдылыққа сәйкес педагог баланың басқа адамдармен алуан түрлі қарым-қатынаста өзіндік “менін” саналы түрді көрсетуіне мүмкіндік береді. Бала өзінің іс-әрекетін ой елегінен өткізіп, өзіне-өзінің баға беруіне, іс-әрекетіне сын көзімен қарауға, үлкендермен қарым-қатынастық мінез құлықты бағалай білуге үйренетін болады.
Баланы еркіндікке тәрбиелеу мұғалім тарапынан қатаң бұйрықсыз, сыпайы қарым-қатынастың болуын қажет етеді. Сол арқылы педагог пен оқушының өзара қарым-қатынас әдебі күшейе түседі, өзара түсінушілік, тең адамша сөйлесу олардың араласу стилі мен мәдени байланысының үлгілерін оқу-тәрбие жүйесіне енгізуін мүмкіндік туғызып, бір-бірін жақындастыра түседі.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мектептің, отбасының және ортаның тәрбиелік ықпалын ұштастыруда педагогикалық ынтымақтастық қажет. Әр жеке тұлға өзін өмірде сирек кездесетін тұтас бір ерекше жан (феномен) түрінде сезінеді. Бұл заңдылық мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен келісушілігін жүзеге асыруды күні бұрын белгілейді. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастармен анықталады. Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынасы жағдайында қалыптасады. Нарықтық қарым-қатынас ата-аналардың отбасындаш бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін біртабан бәсеңсіткені байқалады. Соңғы кездері мектеп пен ата-аналардың байланысы да құрт төмендеп кетті. Баламен тұрғын ауданда немесе мектептен тыс жерлерде, сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы түрлерінің төмендеуі байқалып отыр. Сонымен бірге, соңғы кезде отбасындағы тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер пайда болып, қайырымдылық қорлары ашылып, жетім балаларды әлеуметтік қорғау бөлімдері мен қамқорлық көрсету кеңестерінің жұмысы дамытыла бастады.
Тәрбиелік үрдістің күрделілігі, оның төтенше және дер кезівде түзету ендіруді қажетсінетін көшедегі теріс ықпалдардың етек алуы, нашақорлық, темекіге, ішімдікке, саудаға үйірлік, оқушы жастардың әдепсіздік, дөрекілік іс-әрекетгермен жиі айналысуына, бұзықтық жолға түсуіне мүмкіндік туғызып отырғанын да жасыруға болмайды. Олай болса, мектеп қоғамдық заң орындарымен, өкімшілік, үй басқармаларымен, баспасөз мекемелерімен бірлесе отырып, пәрменді тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолын қарастыруы қажет. Бұл жағдай тұлғаны тұтастай қалыптастыру идеясына бағындырылған тәрбие үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, түрі мен әдісін бірлікте қарастырудың қажеттігін туғызды. Тәрбие жұмысы әр жеке тұлғаның қабілеті мен ынта-ықыласын ескере отырып, мектепте, тұрғын ауданда ұйымдасқан түрде жүргізілуі керек.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы негізгі міндеттердің бірі - жеке тұлғаның адамгершілік негіздерін қалыптастыру. Бүгінгі таңда білім беру ғалымдары жалпыадамзаттық құндылықтардың, адамгершілік тәрбиенің интеллектуалды дамудың басымдылығын мойындауға және орнатуға тырысуда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет