Дәріс (2 с.) Тәрбие түрлері. 1. Тәрбие түрлері: жекелей тәрбие түрі (этикалық тақырыптағы жеке әңгіме);
Топпен тәрбиелеу(кездесу, тәрбие сағаттары);
Бұқара, жаппай тәрбиелеу (демалыс кештері, конференция, түрлі ойын, жарыстар).
2. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің құрылымы мен қызметі.
1. Дәріс материалдары негізінде тест тапсырмаларын дайындау (10 тест тапсырмасы).
Педагогика ғылымында «тәрбие» терминіне әрқашан ерекше мән берілген болатын.
Тәрбие теориясы педагог-практиктерді кәсіптік біліммен қаруландыра отырып, әр жастағы, топтардағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдістәсілдерін меңгеруге, тәрбие ісінің нәтижесін алдын алаболжауға және оны жоспарлап, іске асыруға мүмкінді туғызады, тәрбиенің нәтижесін анықтаудың тиімді деге ғылыми жолдарын қарастырады. Тәрбие мәселесі ғылыми тұрғыдан анықтауда педагогика оны жалпы тұрғыда қарастырмайды. Қоғамның тарихи дам сатысындағы тәрбиенің белгілі мақсаты мен міндеттері айқындай отырып, оның сол қоғамның тілек-мүлделерін сай келуін зерттеп іздестіреді. Бұл жағынан алғанда педагогика іргелі ғылым болып саналады, сондай-ақ тәрбие теориясына сүйене отырып, оқу-тәрбие жүйесі құрудың жолдарын, оны іске асырудағы әдіс-тәсілдерді сөз етеді. Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатт болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, адамзаттық өркениеті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеул белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.
Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады және тұлғаны дамытуда шешуші рөл атқарады. Тұлғаны қалыптастырудың тиімді жолдары баланы белсенді түрде демеп отырған жағдайда ғана сәтті болады. Баланың жеке басындағы әлеуметтік-психологиялық өзгерістер оның өзінің белсенділігін арттыру жолымен іске асырылады. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі. Мәселен, дененің дамуы дене шынықтыру жаттығулары арқылы, ал адамгершілік тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге тұрақты түрде бағыттау арқылы іске асырылады. Тәрбие ісі екі жақты байланыс арқылы жүзеге асады.
Тәрбие жүйесіне оқушы мен оқытушың қатынасы екі жақты байланыс арқылы іске асырылады. Біріншіден, тәрбиешіден тәрбиеленушіге дейін тікелей байланыс арқылы іске асырылатын, міндетті саналатын іс-әрекет. Екінші, тәрбиеленушінің жауабы, іс-әрекеті арқылы тәрбиеші-ұстазға келіп жететін ақпараттар, білім, білік үлгілері. Мұны кері байланыс деп атайды. Тәрбиеші-ұстаздың қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабарлар неғүрлым көп болса, тәрбиелік ықпалдың солғұрлым мақсаттылықпен іске асырылғанына айғақ болады. Оқу-тәрбие жүйесіндегі мұғалім мен оқушының қарым-қатынастық іс-әрекеті мұғалімнің шебер ұйымдастыра білуін қажет етеді. Тәрбие жүйесіндегі істің нәтижесі - оқушының сабақ үстіндегі белсенділігі мен оның мінез-құлық, іс-әрекетіндегі көрінісінен байқалады. Тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, тәрбиенің сапасы да соғұрлым жоғары болады. Бұл үшін тәрбиеші өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.