Желдеткіштері төменгі және орта қысымды жұмыс дөңгелектерінің өнімділіг үлкен, осыған салыстырмалы түрде олардың көлемі үлкен. Көлемі үлкен дөңгелектердің мықтылығын және қаттылығын сақтап қалу үшін, олардың аймақтық жылдамдығын шектеу қажет(30-50м/сек көп емес). Сондықтан мұндай желдеткіштердің жұмыс дөңгелегін қалақшалары алдға қарай қайырылып тұратындай етіп даярлайды. Жоғары қысымды желдеткіштерде өнімділік төмен, дөңгелектер көлемі кіші. Сондықтан олардың қалпақшалары артқа қайырлған.
Турбогазүрлегіштер. Турбогазүрлегіштің корпусында 1(IV – 12суреті) қалақшалы жұмыс дөңгелегі 2 айналады, қалақшалар центрдентепкіш насос қалақшаларына ұқсайды. Дөңгелекті әдетте бағыттаушы аппаратты (3) ішіне орналастырады, мұнда газдың кинетикалық энергиясы қысымның потенциалды энергиясына айналады. Бағыттаушы аппарат бір – бірімен иілген қалақшалармен жалғастырылған екі сақиналы дискіден тұрады. Диск қалақшаларының иілімі жұмыс дөңгелегінің қалақшаларының иіліміне қарама - қарсы түрде жасалынған. Газ турбогазүрлегішке 4 құбыр арқылы келіп түседі де, 5 айдаушы құбыр арқылы шығарылады.

Бір сатылы турбогаз үрлегіштер валында бір жұмыс дөңгелегі бар. Егер турбогаз үрлегіштің валында бірнеше дөңгелек болса, онда мұндай турбогазүрлегіштер көп сатылы деп аталады. Көп сатылы турбогазүрлегіштер (IV – 13суреті) корпусында 1 бірнеше, әдетте 3 -4 жұмыс дөңгелектері 2 болады. Газ бірінші дөңгелектен өтіп бағыттаушы аппаратқа 3 түседі, содан кейін кері каналға 4, бұл келесі дөңгелекте жалғасқан. Кері канал 4 қозғалыссыз бағыттаушы қабырғалармен қамтылған, газға белгілі бағыт және жылдамдық береді.