Винттік комрпессор( IV-18) корпуста 3 айналып тұратын параллель осьті екі ротордан 1 және 2 тұрады. Ротор 1 бірнеше тісті цилиндр ( әдетте 314 ), олар цилиндрде винтті жолмен орналасқан. 2 роторда ось бар, олда винтті жолмен орналасқан және 1 ротордың тістерінің формасына сәйкес келеді. 1 ротор айналғанда винтті тістер 2 –ші ротордың ойықтарына енеді де, қуыстардағы газды ығыстырады.
Екі сатылы винтті компрессорлар 8 атмосфералық қысымға дейінгі қысымға дайындалады, бұл машиналардың роторларының айналу жылдамдығы 10000 об/мин. Бұл машиналардың артықшылығы ыңғайлылығы, тез жүретіндегі және газдың тазалығы. Винтті компрессорлардың кемшілігі винтті дайындау және бұл машинаның жұмыс кезіндегі жоғары дәрежелі шуы.
Вакуум – насостардың ерекшелігі, олардың компрессорын конструктивті айырмашылығын анықтайтын сығудың жоғары дәрежелілігі болып табылады.
Вакуум- насостар ретінде кез – келген компрессорлы машиналар қолданылады. Вакуум насостардың басқа типті комрессорлы машиналардан негізгі ерекшелітері оларда сору атмосфералық қысымнан төмен қысымда, ал айдау атмосфералық қысымнан жоғары қысымда жүргізіледі.
Поршынды вакуум – насостар. Бұл машиналар құрғақ және ылғалды болып бөлінеді. Құрғақ вакуум насостар тек газды соруда, ал ылғалды вакуум насостар – газ бен сұйықты бір мезгілде соруға қолданылады.
Құрғақ вакуум насостар құрылғысы жағынан поршынды компрессорлардан ерекшеленбейді. Көлемдік коэффициентін ұлғайту үшін бұл машиналар золотникті тартқыштармен қамтылған.
Золотник көмегімен насостың осьі кеңістігі сызу периодының соңында сору компрессормен қосылады, бұл кезде қысым сору қысымына Р1тең болады. Р2қысымға дейінгі сығылған газ өлі кеңістіктен қысыммен Р1 камераға өтеді. Р1=Р2тең болғанда газды сору вакуум насостың поршының алғашқы сору жолында жүреді, бұл оның өнімділігін жоғарлатады.
Ылғалды вакуум насострада золотникті тарату механизмі жоқ, ал сору және айдалу клапандары неғұрлым жоғарлатылған, себебі шығарылатын сүйық көлемі өте үлкен. Сұйықтың ағын өту жылдамдығы ( клапаннан ағып өтетін) газдың қозғалу жылдамдығын төмен болуы қажет. Сондықтан ылғалды вакуум насостарда өлі кеңістік көлемі жоғарлатылған.