Ұзындықтың бұрмалануының ең үлкен жəне ең кіші көрсеткіштерінің бірін-бірі перпендикуляр қиып өтетін нүктесін ұзындықтың бұрмалануының басты бағыты дейміз.

Бұрыштардың бұрмалану көрсеткіші гректің ɛ (эпсилон) əрпімен белгіленеді. Бұрыштың бұрмалану көрсеткіші ɛ анықтау үшін картадағы параллельдер мен меридиандардың арасындағы бұрыш Ɵ (тета) өлшеп алып, шыққан саннан 90⁰ аламыз.
ɛ = Ɵ -90
мұндағы Ɵ (тета) – меридиандар мен параллельдердің аралығындағы өлшенген бұрыш. Егер бұрыш θ=1150, онда ε=250.
Параллельдер мен меридиандардың қиылысында бұрыш өзгермей түзу күйінде қалғанымен басқа бағыттағы бұрыштар өзгеруі мүмкін. Бағыт өзгерген сайын бұрыштың бұрмалану көрсеткіштері де өзгереді. Бұрыштың бұрмалануының жалпы көрсеткішін ω (омега) ретінде картаның белгілі бір бөлігіндегі нүктенің бұрыштарының бұрмалануының ең үлкен көрсеткіштерімен жер элипсоидының бетіндегі сол нүктенің бұрыштарының көрсеткіштерінің айырмасы алынады. а мен b көрсеткіші белгілі болғанда бұрыштардың бұрмалануының жалпы көрсеткіші ω төмендегі формуламен анықталады.

Ауданның бұрмалану көрсеткіші (р) картаның белгілі бір бөлігіндегі ұзындықтың бұрмалануының ең жоғары жəне ең төменгі көрсеткіштерін бір-біріне көбейту арқылы анықтайды.