Дәріс 3 Модуль Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Тақырып 2


сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата23.11.2022
өлшемі323,51 Kb.
#51958
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
3 дәріс

сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын 
қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа 
тарту. Аталған мақсатқа жету келесі мәселелердің шешілуін талап етеді: - жемқорлыққа 
қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру; - сыбайлас 
жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту; - мемлекеттік органдар қызметі, 
квазимемлекеттік сектор мен монополия субъектілеріне партиялық және қоғамдық 
бақылауды күшейту; - жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттілігін кеңейту; - сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру. І 
ІІ. БАҒДАРЛАМА ҚАҒИДАТТАРЫ Партияның саяси Доктринасында «Сыбайлас 
жемқорлықпен күресу - баршаның және әр адамның міндеті. Сыбайлас жемқорлық біздің 
мемлекеттілігіміз бен демократиямызды жегідей жейді. Сондықтан да, біз сыбайлас жем-
қорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез келген көрінісіне ымырасыздық ахуалын 
қалыптастырудың жүйелік жағдайын жасаймыз» деп белгіленген. Осыған байланысты, 
бағдарлама бес іргелі қағидатқа негізделіп құрылған: Жүйелілік қағидаты. Сыбайлас жем-
қорлыққа қарсы іс-қимыл тек жекелеген деректерді анықтауға саймауы тиіс. Жекелеген 
сыбайлас жемқорларды қудалау, соның ішінде «атышулы істер» арқылы олардың ізіне түсу 
тұрақты нәтижелер бере алмайды. Ендігі жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық 
мәдениет пен тәлім қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге және аталған құбы-
лысты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға басты екпін түсетін болады. Баршаның 
заң мен сот алдындағы теңдігі қағидаты. Ел Конституциясы баршаның заң мен сот алдындағы 
теңдігіне кепілдік береді. Бұл заңға баршаның теңдей бағынуынан және оны бұзғаны үшін 
жауапкершілікті теңдей көтеруінен көрінуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық үшін жазалау 
әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық дәрежесіне қарамастан бұлтартпай орындалуы тиіс. 
Заңды бұлжытпай орындау биліктің барлық деңгейлеріндегі жемқорлықты болғызбаудың 
кепілі болып табылады. Айқындық, ашықтық және мемлекеттің қоғамға есептілік қағидаты. 
Конституция мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - өз билiгiн жүзеге асыруды 
мемлекеттiк органдарға беретін халық деп бекітеді. Әр азамат заң бойынша тыйым 
салынбаған кез келген жолдар арқылы еркін ақпарат алуға қақылы, ал мемлекеттік органдар 
оған еркін қолжетімділікті қамтамасыз етіп, ондай ақпараттарды беруге міндетті. Сыбайлас 
жемқорлықпен күрестің нәтижелілігі мемлекеттің азаматтардың заңды мүддесіне қызмет етуге 
бағдарлана білуімен тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару органдарының жұмысы 
қоғамға түсінікті және қолжетімді болуы тиіс. Мемлекет пен қоғамның серіктестігі қағидаты. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қоғамның белсене қатысуынсыз, жемқорлыққа қарсы 
жаппай қозғалыссыз нәтижелі түрде жүзеге аса алмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
табысты іс-қимыл жауапкершілігі мемлекетке ғана емес, қоғам мен әрбір азаматқа да 
жүктеледі. Мемлекет пен қоғамның өзара сенімі мен ынтымағы ғана жемқорлыққа ойдағыдай 
қарсы тұруға жол ашады. Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қалыптастыруда қоғамды 
жұмылдыру қағидаты.«Нұр Отан» партиясы халықтың басым бөлігінің мүддесін білдіретін 
елдегі жетекші саяси күш ретінде, жемқорлыққа атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыруда 
қазақстандық қоғамды біріктіретін басты күш болып табылады.
ІV. CЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ 4.1. Cыбайлас 
жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру Сыбайлас 


жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Жемқорлық - 
қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін 
құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық 
үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне 
айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, 
нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған 
сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай 
әлсіретеді. Сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық 
мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде 
айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр 
отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі 
тиіс. Сондықтан, бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және 
дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққатәрбиелеу 
керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар. Осынау құндылықтар 
өмірлерінде нақты бағдар болатын қазақстандықтар ұрпағын тәрбиелеу қажет. Сондықтан да, 
нақ осы тәрбие мен білім үдерісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін 
қалыптастыруының негізі болып табылады. Бұл жердегі негізгі орын отбасына және білім 
беру саласына тиесілі. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз 
қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен 
тәрбиелеу үлгісі «Заң», «Әділдік», «Теңқұқықтық» сияқты іргелі түсініктердің төңірегінде 
қалыптасуы тиіс. Жемқорлыққа қарсы тұрарлық тәлім білім берудің барлық деңгейінде 
қалыптастырылуы қажет. Осы үлгіні қалыптастыру үшін педагогика, психология, 
юриспруденция, саясаттану, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ, әлеуметтану саласындағы 
үздік мамандарды тарту қажет. Тек таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін 
табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне 
айналуы тиіс. Өскелең ұрпақ тәрбиесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптас-
тыруда түбегейлі маңызды рөл атқарады. Тек ерте жастан бастап мінез-құлықты сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптау осы әлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік 
береді. Сондықтан, жастар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті 
насихаттауда ерекше орын алатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық 
жастар бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін жұмылдыратын партияның 
«Жас Отан» жастар қанаты осы істің алдыңғы шебінде жүруі тиіс. Партия мыналарға қол 
жеткізуге ниетті: - отбасында және қоғамда қанағатшылдықтың (сұраныста ұстамдылық пен 
қарапайымдылық, басы артық нәрседен бас тарта білетін парасат пен табандылық), жан 
байлығын дүние-мүліктен жоғары қоюдың дәстүрлі халықтық қасиеттерін дәріптеу; - 
халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін түбегейлі арттыру, қоғамдағы құқықтық нигилизмді 
жою; - «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өсіп-өркендеуші ел» партиялық идеологиялықжобасын 
ілгерiлету; - Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен 
бірге, сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мен оған қарсы тұру 
үшін нақты іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге байланысты азаматтық бастамаларға 
көмектесу; - Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және өзін-өзі реттейтін басқа да ұйымдармен 
бірге, корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар 
қабылдау; - 2016 жылдан бастап білім берудің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы тәлім қалыптастыру бойынша тақырыптарды мазмұнның 15%-ынан кем емес 
мөлшерінде «Құқық негіздері» оқу пәнін енгізу; - 2015 жылдан бастап жыл сайын кешенді 
әлеуметтік зерттеулер негізінде жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі 
бойынша жария рейтингін түзу; - онлайн-портал құру, жоғары оқу орындарында сыбайлас 
жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру арқылы ЖОО жұмысының ашықтығын 
қамтамасыз ету; - адал еңбектің ардақтылығын және еңбеккер әулеттерді жаппай насихаттау; - 
сыбайлас жемқорлыққа жирене қарауды, оның ішінде БАҚ-тарда арнайы жобалар жасау 
есебінен кеңінен насихаттау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті және тәлімді 


қалыптастырудың нәтижесі мынандай болмақ: - сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен 
мемлекетке төнетін қатер екенін азаматтардың сезінуі; - жемқорларға деген теріс көзқарас 
қалыптастыру және жемқорлыққа жақындықты аластату; - пара беруді өз мәселелерін 
шешудің әдісі деп қарайтын халықтың үлесін түбегейлі азайту; - халықтың құқықтық 
сауаттылық деңгейін 2025 жылға қарай 60%-ға дейін көтеру. 4.2. Cыбайлас жемқорлықтың 
пайда болуының алғышарттарын азайту Бағдарламаның қағидатты маңызды қадамы - басты 
назарды сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге емес, жемқорлықты туындататын 
себептер мен жағдайларды жоюға аудару. Сондықтан партия жүйелі негізде бизнеске 
әкімшілік жүктемені азайтуға, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен 
бәсекелі ортаға беруге, мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуы мен 
айқындылығына, оларды көкейкестілендіруге, мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік 
сектор жұмысының тиімділігін арттыруға қол жеткізуге ұмтылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет