Дәріс 3 Модуль Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Тақырып 2



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата23.11.2022
өлшемі323,51 Kb.
#51958
түріБағдарламасы
  1   2   3


Дәріс 3
Модуль 2. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
Тақырып 2. Мемлекеттегі сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы 
Сұрақтар: 
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының 
мақсаты мен міндеттері 
2.Қоғамдық бақылау институтын енгізудің маңызы 
2014 жылы жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарында сыбайлас 
жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығы айтылды. 
Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы 
шығуы тиіс. Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген се-
німді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». Сыбайлас 
жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған 
мемлекетіміздің негізгі құндылығы - Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық 
қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және 
рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін 
төмендетеді.
Бағдарлама қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-қуатын 
жұмылдыруға бағытталған саяси құжат болып табылады. Партия Бағдарламасы Қазақстан 
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік 
стратегиясының идеологиялық негізін қалайды. 1. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ 
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың 
мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің 
ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік 
қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 
арнайы мемлекеттік орган құрды. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің 
тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу 
түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы 
кеңеюде. «Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған кезінен бастап қоғамның сыбайлас жемқор-
лыққа деген жиреніш сезімін табанды түрде қалыптастыра отырып, онымен мақсатты күрес 
жүргізіп келеді.
Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың 
құқықтарын қорғаудың қоғамдық инфрақұрылымын құрудың, тұлғаларды лауазымына қара-
мастан жауапқа тартудың, жемқорлыққа қатысты түйткілді мәселелерді ашық талқылаудың 
негізгі міндеттері өз шешімін тапты. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық 
қоғамдық кеңес аясында оның өңірлердегі филиалдарының арқасында барлық деңгейдегі 
депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен жемқорлық дерті дендеген 
салалардың қоғамдық бақылаумен қамтылу өрісі айтарлықтай кеңейе түсті. Азаматтардың 
сеніміне ие болған Қоғамдық қабылдаулар кері байланыстың тиімді жолына және 
тұрғындардың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралына айналды. Партия тапсырысымен 
жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар бойынша жағымды өзгеріс байқалады. Мысалы, соңғы 4 
жылда сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігіне оң баға беретін қазақстандықтардың 
саны екі есеге жуық өсті (2011 жылы - 24%, 2014 - 45%). Алайда, қабылданған шараларға 
қарамастан елдегі жемқорлық деңгейінің жоғарылығы күрделі мәселе күйінде қалып отыр. 
2014-2015 жылдарға арналған Бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық Индексінің мәліметіне 
сәйкес Қазақстанда бизнес жүргізудегі бірінші кезектегі проблема сыбайлас жемқорлық болып 
табылады (16,7 балл), бейресми төлемдер мен парақорлықтың жайылғандығы жағынан да 
ахуал нашарлады (2014 жылы - 144 елдің ішінде 80-орында, 2013 жылы - 65-орында). 
Transparensy International көрсеткіші бойынша сыбайлас жемқорлықты түйсіну жағынан 
Қазақстан 2013 жылы 177 елдің арасынан 140-орын алды (2012 жылы - 133). Әлеуметтік 


сауалнамалардың дерегіне сүйенсек, сұралғандардың 42%-ы сыбайлас жемқорлық кеңінен 
тараған деп есептейді, ал 33%-ы онымен тікелей ұшырасқан. Сауал салынғандардың үштен 
бірі үшін лауазымды тұлғаның сондай жағдай туғызуы пара берудегі негізгі себеп болған. 
«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді және Қазақстанды әлемдегі ең 
дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге асыру жағдайында елдегі сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыру қажет. Осыған орай, 
мемлекеттің ғана емес, қоғамның тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға 
байланысты жүйелі және ұзақ мерзімге арналған шаралар қажет. Бұл мақсатты іске асыру 
үшін партияның 2015-2025 жылдарға арналған Бағдарламасы әзірленді.
ІІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Бағдарламаның мақсаты - 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет