Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар 1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:
1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;
3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.
Қолданылған әдебиеттер: Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.
Баянов Е. Әкімшілік құқық.Алматы.2007.
Баянов Е.Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамалары.Алматы.2002.
Алексеев С.С. Теория права.М.:БЕК.1994.
Алехин А.П.,Козлов Ю.М.Админстративное право Российской Федерации.Часть1.М.:ТЕИС.1994.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.
1998 жылғы 27 наурыздағы «Норматитік құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының Заңы,№ 213-1, «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасының 6 наурыз 2002 жылғы № 298-11 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-ның Заңы.
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.
Братусь С.К.Юридическая ответственность и законность.М,1976.