Дәріс №3 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі, ҚР құқық жүйесіндегі орны Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет2/13
Дата17.03.2023
өлшемі50,26 Kb.
#75094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әкімшілік құқық ,лекция 3

Нұсқама (міндеттеу)-бұл тиісті құқық нормасымен осы нормада қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекет жасауға тікелей заңдық міндет жүктеу.Мысалы,орталық және жергілікті атқарушы билік органдарына өздерінің нормативтік-құқықтық актілерін ҚР-ның Әділет министрлігінде және оның жергілікті органдарында тіркеу міндеті жүктелген.
Тыйым - шындығында бұл да нұсқама,бірақ заңдық мазмұны басқа Оның мағынасы мынада,құқық нормасы өзінің адресаттарын (жолданатындарына) осы нормамаен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар белгілі бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға тікелей заңдық мінде т жүктейді.
Ерік беру - бұл осы нормамен қаралған жағдайларда заңдық маңызы бар қандай да бір іс-әрекеттерді өзінің қалауы бойынша жасауға немесе оларды жасаудан бас тартуға заңды түрде рұқсат беру.
Әкімшілік құқық жүйесінің қайнар көздерін зерттеу
“Әкімшілік құқық жүйесінің” ұғымы жөнінде заң ғылымында әр түрлі көзқарастар бар екенін еске сала кеткен жөн.Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда құқықтың кез келген саласы мынадай түзілістен тұрады:құқық саласы-саланың бөлігі-құқықтық институттар-құқықтық нормалар.
Дәстүр бойынша заң ғылымында әкімшілік құқықты екіге,жалпы және ерекше бөліктерге бөледі.Әкімшілік құқықты оқулық пән ретінде құрудың негізіне осылай бөлу алынған.
Әкімшілік құқық ҚР-сы құқық жүйесінің саласы ретінде құқықтық нормалардың үлкен көлемді жиынтығы,олардың мақсаты басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.Бұл қатынастар әр түрлі және әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі көлемі болуына байланысты,оларды белгілі бір шамада жүйелеуге болады,соның нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды бірыңғай кешендер бойынша топтастыру жүзеге асырылады.
Атқарушы билік органының түсінігі
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір шамада “ұйым” деген ұғымнан туындайды,ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да ресімделген адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді.Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.
Ұйымдардың мемлекеттік және мемлекеттік емес сипаты бар түрлері ажыратылады.Біріншілерін мемлекет ресми түрде құрады.Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет