Дәріс №3 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі, ҚР құқық жүйесіндегі орны Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Орталық атқарушы органның ведомствосы



бет8/13
Дата17.03.2023
өлшемі50,26 Kb.
#75094
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
әкімшілік құқық ,лекция 3

Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Олар министрліктің құрылымдық бөлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен ҚР-сының Үкіметі құрады,қайта ұйымдастырады, таратады. Ведомствоның құрылымы, негізгі міндеті мен құзіреті және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс қимылының тәртібі, әрбір Комитет туралы ҚР-ның Үкіметі бекіткен Ережеде айқындалады. Бұл Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.Комитетті тиісті министрдің ұсынуы бойынша ҚР сының Үкіметі тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Оның міндеттері мен өкілеттіктері Комитет туралы Ережеде белгіленеді.
Жергілікті атқарушы билік органдары. ҚР-сы Конституциясының 8-бөлімінің нормалары бойынша тиісті аумақтағы істің жай күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.Жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Облыстың, ауданның әкімі басқаратын өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган әкімдік болып табылады. Әкімдікті әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың әкімі құрады. Әкімдік тиісті аумақтық облыстық, аудандық, мәслихаттың алдында өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін жауап береді. Әкімдік ҚР Конституциясы, заңдары, Президенті мен Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік актілер негізінде және оларды орындау мақсатында қаулылар шығарады.Әкімдіктің қаулысына әкім қол қояды. Әкім – Президент пен Үкіметтің жергілікті атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР-ның заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік экономикалық дамуының жай күйіне жауапты өкіл болып табылады. Облыс әкімін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша ҚР-ның Президенті қызметке тағайындайды. Оны қызметтен Президент босатады.Аудан, Республикалық маңызы бар қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері ҚР Президенті белгілейтін тәртіпте қызметке тағайындалады немесе сайланады. Президент белгілеген тәртіпте олар қызметтен босатылады және өз өкілетігін тоқтатады. Әкім нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады. Әкімдіктің және әкімнің өз құзіреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет