Дәріс №3 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі, ҚР құқық жүйесіндегі орны Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет3/13
Дата17.03.2023
өлшемі50,26 Kb.
#75094
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
әкімшілік құқық ,лекция 3

Атқарушы билік органы деп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлкеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизмінің буыны түсініледі. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады: мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан, құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау жасауды жүзеге асыру құқығынан, заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу сияқты шараларды, ал қажет болған жағдайдамемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланылады.
Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Мұның мәні мынада заң –мемлекеттік басқарушылық қызметтің негізгі базасы, оның субъектілері осы аталған мемлекеттік органдар. Республикалық та, сондай ақ аймақтық та деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлкеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады. Бұл жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни атқарушы биліктің нақты органының қажетті жеделдік дербестігі болады. Атқарушы билік органдарының біріне бірі бағынышты құрылымдық бөлімшелерін құруды болжайтын ұйымдық құрылымы, яғни ішкі құрылысы болады. Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Бұл органдар тек мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұлға болып табылады, яғни азаматтық құқық қабілеттілігі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет