Іс-әрекетті зерттеудің түрлері (типы) Мұғалімдер іс-әрекетті зерттеудің анықтамасы мен оның типологиясына қатысты қатысушыларға байланысты біршама шатастырады. Зерттеуді өзі жұмыс істейтін сыныптың мәселелерін зерттейтін бір мұғалім, жалпы есептерді зерттейтін мұғалімдер ұжымы, сондай-ақ мектептің, ауданның, қаланың мәселелерін зерттейтін басқа да тұлғалар жүргізе алады. Ферранс (2000) іс-әрекетті зерттеудің келесі түрлерін анықтайды:
• Сыныптағы нақты жағдайға қатысты бір мәселені зерттейтін мұғалімнің жеке іс-әрекетін зерттеу. Мұғалім оқыту стратегиялары, сыныпты басқару, ресурстарды пайдалану немесе оқушының оқу мәселесі контекстінде туындаған мәселелерге жауап іздеуі мүмкін. Бұл ретте мұғалімдерге әдіскер, директор немесе ата-аналар көмектесе алады. Жеке іс-әрекетті зерттеудің бір кемшілігі мұғалім оны әріптестерімен ресми түрде бөлісу, конференцияға презентация дайындау немесе жазбаша материалды журналға немесе ақпараттық бюллетеньге жіберу туралы шешім қабылдамайынша, нәтижелерді көпшілік алдында талқылау мүмкін емес.
• Іс-әрекеттегі бірлескен зерттеу екі немесе одан да көп мұғалімдердің және сыныптың өзекті мәселелерін шешуге мүдделі басқа тұлғалардың, әдістемелік бірлестік мүшелерінің және т.б. қатысуын қамтиды. Қойылған мәселе тек бір сыныпқа қатысты болуы мүмкін немесе көптеген сыныптарға тән болуы мүмкін. Осы зерттеуді жүзеге асыратын оқытушыларға университеттің оқытушылар қауымдастығының өкілдері және басқа серіктестер түрінде сыртқы қолдау көрсетіле алады.
• Іс-әрекеттегі кеңейтілген мектеп зерттеулері жалпы проблемаларға бағытталған, атап айтқанда: - ата-аналардың мектеп іс-шараларына қатысу проблемасы және осыған байланысты принципті маңызды мәселелерді қарауға қатысу үшін ата-аналардың ең көп санын қалай тарту керектігін анықтау; - мектептің ұйымдық-басқару құрылымын дамыту мәселесі және т.б.Мектеп қызметкерлері бірлесе отырып проблеманы зерттеу жоспарын жасайды, мәліметтерді жинақтап, талдайды және бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес шешім қабылдайды. Мектепке арналған іс-әрекетті зерттеудің мысалы ретінде соңғы нәтижеге теріс әсер ететін оқу аспектілерін анықтау үшін білімді сыртқы қорытынды бағалау нәтижелерін сараптау және кейіннен оқушылардың оқу іс-әрекетін жақсарту мақсатында түзету іс-шаралар жоспарын әзірлеуді айтуға болады.