Құрамында -COОН және -NH2 функционалдық топтары бар органикалық қосылыстар аминоқышқылдар деп аталады.
Төменде кестеде белок құрамына кіретін аминоқышқылдар көрсетілген
4.Белок молекуласының қүрылысы, қасиеттері, жіктелуі
Белок молекуласындағы аминқышкыддары бірімен-бірі пептидтік байланыс аркылы қосылады, ол бір аминқышқылдарының карбоксил тобы мен екінші аминқышқыдының амин тобының есебінен қүрылады. Пептидтік байланыс арқасында аминқышқылдарының түрлі мөлшері өзара қосылып полипептидтік түзу тізбек түзеді. Белоктың қүрамында бар болғаны 20-22 аминқышқылы түрліше тәртіппен кезектесе келіп полипептидтердің сансыз варианттары пайда болады.
Белоктар α -аминоқышқылдардан тұратын биополимер .
Белоктардың құрылымын біріншілік , екіншілік, үшіншілік ,төртіншілік деп ажыратады.Біріншілік құрылымы аминоқышқылдардың пептидтік байланыс арқылы бірізділік тізбекте орналасуы; Екіншілік құрылымы сутектік байланыстар есебінен тізбектің кеңістікте α-спираль және β-спираль түрінде орналасуы;Үшіншілік құрылымы тізбектің кеңістікте а – әлектростатикалық әсерлесулерб –сутектік байланыс в- полярлы емес топтардың гидрофобтық әрекеттесулері д- дисульфидтік (ковалентті) байланыс арқылы
жұмырлануы;төртіншілік құрылымы 1-2-3-шіқұрылымға ие белок молекулаларының өз ара бірігіп үлкен құрылымға ие болуы .
Белок молекуласындағы полипептидтік тізбек жазық түрде сакталмай кеңістікте ширатьшып, сутектік байланыс аркылы екінші деңгейлі қүрылым түзіледі (ә). Полипептидтік тізбектің ары қарай жинақталуы аркасында белок бір түракты пішінге (жіп сияқты созылыңқы, шар сияқты деңгелек т.б.) ие болады. Бүл үшінші деңгейлі күрылым дисульфидтік және эфирлік (б) байланыстар т.б. аркылы ұсталып түрады. Белок молекуласында бір немесе бірнеше полипептидтік тізбек болуы мүмкін. Мысалы, инсулин белогында екі, гемоглобин молекуласында төрт полипептидтік тізбек бар. Бірнеше полипептидтік тізбектен түратыы күрделі белоктарда төртінші деңгейлі күрылым пайда болады (в). Олардың молекулалары вандервальс күштері, әлектростатикалык тартылу, гидрофобты әрекеттесу күштері аркьшы бірігіп түрады.
5. Барлык белоктар екі топқа бөлінеді. Тек қана аминқышқылдарының қалдығынан түратын қарапайым белок - протеин деп аталады. Қарапайым белокқа бөтен зат байланысқан болса, ол күрделі белок протеид деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |