Дәріс 4 Қансорғыш шіркейлер – Ceratopogonidae
Шіркейлер қансорғыш қос қанатты құрт-құмырсқалардың ортасындағы ең кішкентайы. Олардың ұзындығы 1–2,5 мм. Шіркейлер тұқымдасының (Ceratopogonidae) құрамына 20 туыс пен 350 түр кіреді. Қазақстанда 72 түр мен 2 туыс бар – Culicoides и Leptoconops. Олар Прикаспий, Приаралья және Балқаштың шөлінен Тянь-Шань және Оңтүстік Алтайдын альпілік таулы шабындықтарға дейін таралған. Шөл өзендерінің жайылмаларында, таулардың аңғарларында және көлдердің жиектерінің биотоптарында олар бастаушы гнус компонентердің бола алады.
Морфология. Ересек жәндікте басы шар тәрізді, көздері үлкен бүршік тәрізді фасет, щупиктер, 15-буынды мұрттар сезгіш аппарат – сенсиллалармен, қысқа тұмсығы бар. Қанаттары бір бірінен кейін орналасқан (0,8–2,2 мм). Шіркейлердің Culicoides туысында қанаттары дақты, Leptoconops – түссіз. Аяқтары ұзын, жіңішке, табандары бес буынды, қарапайым тырнақтармен (12-сурет).
Шіркейлердің жұмыртқалары өте ұсақ (278–460 мкм) темекі тәрізді форма, ашық – немесе қараңғы – қызыл қоңыр түсті. Дернәсілдері құрт тәрізді. Денесі сары немесе қызыл қоңыр түсті бас капсуладан және 9 іш цилиндрлік сегменттерден тұрады. Соңғы, көтеншек сегментінің, артқы жағында бірнеше қысқа жіңішке шаштарды бар. Қуыршақ қимылсыз бас кеудеден және қарыннан тұрады, сарылау немесе қызыл қоңыр түсті. Тыныс органдары саңылаулаулы түтіктер түрінде болады. (13-сурет).
Биология. Аталықтары өсімдік шырындарымен қоректенді. Аналықтары екі түрлі қоректенеді: өсімдіктердің шырындармен және жануарлар қанымен, ол жұмыртқалар пісіп жетілуі үшін қажетті. Копуляция процесі ауада өтеді. Піскен жұмыртқалар қан ішкеннен кейін 5–7 күндер арасында саланады, және олар бір бірден немесе ептеген топтармен әртүрлі майда су қоймаларда, ірі жағажайларда, дымқыл топырақта, орман төсеніштерінде, шіритін органикалық субстраттарда салынады. Аналығы 200 жұмыртқаға дейін салады. Дернәсілдің даму ұзақтығы 3–14 күн. Дернәсіл дамудын 4 кезеңін 2 ден 10 жұмаға дейін өтеді. Қуыршақтан жәндіктен ұшып шығуы 2–5 күн.
Шіркейлер мамырдан қазан айына дейін ұшады. Олардың көбі жаздың бірінші жартысында байқалады: мамыр-маусым айының сонында. Шөл-сахаралық аймақтарда шіркейлердің сандары күзгі уақытта көп болады. Шіркейлердің аталықтары таңертен және кеште белсенді болады. Жұмыртқа және дернәсіл фазасында қыстап шығады. Түрлердің көпшілігі жылда 1 генерацияны, сирек жағдайда – 2 және көп болады.
Ветеринарлық мәні. Шіркейлер – жаппай және мазасыз қан сорғыштар. Үлкен шамада шабуыл жасап, олар малды мазалайды, жем жеуге қақпалайды, олардың өнімділіктерін төмендетеді. Шіркейлер мал жайылымыларында ғана емес, жазғы лагерьдерде және мал шаруашылық бөлмелерде де шабуыл жасайды. Олар жапон энцефалиті, аттардың африкалық обасы, қойлардың катаракта қызбасы, лимфоцитарлық хориоменингит, құстардың гемоспоридиі деген инвазионнык және инфекциялық аурулардың қоздырушылардың тасымалдаушылары болып келеді. Шіркейлер – аттардың онхоцеркозының қоздырушының аралық қожайындары.
1 – тұмсық; 2 – щупик; 3 – мұрт; талшықты: 4 – костальді, 5 – радиальді, 6 – медиальді, 7 – кубитальді, 8 – бірінші радиал, 9 – екінші радиал, 10 – R5, 11 – медиальді, 12 – кубитальді, 13 – көтеншек; 14 – жужжальце; 15 – тазик; 16 – вертлуг; 17 – бөксе; 18 – сирақ; 19 – табан
12-сурет – Culicoides туысының аналығының құрылысы
1 – дернәсіл; 2 – қуыршақ; 3 – жұмыртқа сызығы (Джафаров бойынша); 4 – аналық (Edwards бойынша)
13-сурет – Culicoides туысының соналары, әр түрлі даму фазаларында
Достарыңызбен бөлісу: |