Дәріс 4 Билік саяси феномен ретінде



бет2/3
Дата27.04.2023
өлшемі166,8 Kb.
#87434
1   2   3

Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның мүддесінен туындайды.Саяси билік негізінен қоғамның,халықтың қалауына байланысты қалыптасатын тарихи үрдіс. Мемлекеттік биліктің заңды болуы оның легитимдігімен, халықтың мойындауымен анықталады. Саяси биліктің легитидігі жөнінде ғалымдар ерте заманнан бастап-ақ әртүрлі пікірлер айтып, тұжырымдамалар жасаған. Солардың негізгілеріне тоқтала кетейік.

  • Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның мүддесінен туындайды.Саяси билік негізінен қоғамның,халықтың қалауына байланысты қалыптасатын тарихи үрдіс. Мемлекеттік биліктің заңды болуы оның легитимдігімен, халықтың мойындауымен анықталады. Саяси биліктің легитидігі жөнінде ғалымдар ерте заманнан бастап-ақ әртүрлі пікірлер айтып, тұжырымдамалар жасаған. Солардың негізгілеріне тоқтала кетейік.
  • Конфуций легитимді билік өз халқына қайырымды билік түрі екеніне, халықтың сенімінсіз мемлекет өмір сүре алмайтынына назар аударады. Ол мемлекет басқаруда халыққа қатаң жаза қолдану мен қатаң билік жүргізуге қарсы шығып, алдымен халықты ашықтырмау, оқыту және адамгершілікке баулу қажеттігін айтады. Ел басқарушы қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеті мен құқығын жүзеге асыруына жағдай жасауы керектігін және әрбір жеке адам қоғамда өз міндетін атқаруға тиіс екенін ескертеді.
  • Конфуций қоғамдағы тәртіп пен адамгершілікті маңызды санап, мемлекет қызметкерлерінің ролін жоғары бағалайды. Оның пікірінше, билік иелері – билік жүргізу құқына адамгершілік, білімділік, тәртіптілік, халыққа қайырымдылық қасиеттері арқылы жетуі тиіс.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер легитимді үстемдіктің (саяси биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария).

  • Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер легитимді үстемдіктің (саяси биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария).
  • Біріншісі, дәстүрлік үстемдік. Бұл билік киелі дәстүрге (сенімге) негізделеді. Сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, халық хандықты, патшалықты дәстүрлі түрде мойындаған. Қоғамдағы әртүрлі дағдарыстар үшін нақтылы ханды, патшаны ғана кінәлағанмен, ал патшалық, хандық оған кінәлі деп есептелмеген.
  • Легитимді үстемдіктің екінші түрі – харизматикалық. Харизма – ерекше дарынды, ақылды, батыр және басқа да үлгілі қасиеттері бар адам. Ондай адамның билік жүргізуін қоғам толық мойындайды. Халық тек ғана сол басшыға бағынып, соған ғана сеніп, оны көсем дәрежесіне көтеруге дейін барады.
  • М.Вебердің ойынша, құқықтық мемлекет негізделетін легитимді үстемдіктің үшінші түрі-- ашық, жария үстемдік. Қоғамға үстемдік етуші адам емес, заң болуы тиісті; ал ашық, жариялылық билік демократиялық талаптарға сәйкес келетіні белгілі. Демократиялық жағдайда мемлекеттік биліктің легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет:
  • - билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орнатылуы. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндіктің болуы тиіс;
  • - мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет