Дәріс 4 Билік саяси феномен ретінде



бет3/3
Дата27.04.2023
өлшемі166,8 Kb.
#87434
1   2   3

Сонымен, легитимді билік туралы ойшылдардың, саясаттанушы ғалымдардың тұжырымдамаларын қорытындыласақ, барлық мемлекеттік билік саяси билік болып табылады, бірақ барлық саяси билік мемлекеттік билік бола алмайды. Поляк саясаттанушысы Ежи Вятр атап көрсеткендей, саяси билік – әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың түрі, ал мемлекеттік билік арнайы мекемелер арқылы жүзеге асырылатын билік түрі.

  • Сонымен, легитимді билік туралы ойшылдардың, саясаттанушы ғалымдардың тұжырымдамаларын қорытындыласақ, барлық мемлекеттік билік саяси билік болып табылады, бірақ барлық саяси билік мемлекеттік билік бола алмайды. Поляк саясаттанушысы Ежи Вятр атап көрсеткендей, саяси билік – әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың түрі, ал мемлекеттік билік арнайы мекемелер арқылы жүзеге асырылатын билік түрі.
  • Саяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы билікті бөлу ұсынымына сәйкес болуы қажет. Әсіресе мемлекеттік биліктің легитимді болуына бірінші кепілдеме - шын мәніндегі халық қолдайтын конституция. Мысалы, бұрынғы кеңестік кезеңде мемлекеттік билік саяси биліктің қалыптасуына тыйым салып, саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірудің негізі болды. Саяси ұйымдар мен саяси партиялардың өздігінше дамуына жол берілмеді. Билік түгелдей бір орталыққа топтастырылды, әлеуметтік бастамалар көтеру, шешімдер қабылдау, халықтың шынайы еркін білдіретін қозғалыстар қудаланды және бәрі де қатал орталықтандырылды. Бұл жетпіс жыл бойы қуатты мемлекеттердің бірі болған Кеңес Одағының тоқырауға ұшырауының негізгі себебі болды.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632 – 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 – 1753) болды.

  • Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632 – 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 – 1753) болды.
  • Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
  • Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке ттәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
  • Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет