Дәріс 4 Химиялық байланыс және зат құрылысы



бет3/4
Дата20.02.2023
өлшемі19,62 Kb.
#69548
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
4 лекция

Электрондық газ моделі. Металдық байланыс металдың кристалдық торының түйіндеріндегі оң зарядталған атомдар мен еркін қозғалыстағы сыртқы қабат электрондарының арасындағы тартылыс күштері арқылы түзіледі. Осыған байланысты металдарға мына қасиеттер тән:

  1. Жоғары электр өткізгіштік қасиет.

  2. Жоғары жылу өткізгіштік қасиет.

  3. Созылғыштық және иілгіштік.

  4. Металдық жалтырлық.

Зондық модель. Бұл модель бойынша кристалдық тордың барлық атомдарының орбитальдары энергетикалық деңгейлері жақын молекулярлық орбитальдар түзеді. Көптеген деңгейлердің жиынтығы электрондар орналасқан зона деп аталады. Олардың ең жоғарғысы – валенттік зона, одан кейінгісі - өткізгіш зона деп аталады. Энергетикалық зоналар моделі металдардың, жартылай өткізгіштердің және өткізгіш емес заттардың (диэлектриктердің) электрлік қасиеттерін жақсы түсіндіреді.
Металдар: валенттік зона мен өткізгіштік зона қабысып жатады, сондықтан валенттік электрондар өткізгіштік зонасына оңай өтеді. Мұндай металдардың электрөткізгіштігі өте жоғары болады. Мысалы: мыс, күміс, алюминий.
Жартылай өткізгіштер: валенттік зона мен өткізгіштік зона арасындағы энергетикалық айырмашылық (рұқсаты жоқ зона) үлкен емес. Сол себептен сырттан энергия берілсе (электр, жылу және жарық энергиясы) электрондар валенттік зонадан өткізгіштік зонаға өтеді, соның нәтижесінде жартылай өткізгіште электрөткізгіштік қасиет пайда болады. Мысалы: кремний, германий, селен.
Диэлектриктер (изоляторлар): валенттік зона мен өткізгіштік зона арасындағы энергетикалық айырмашылық өте үлкен. Сол себептен электрондардың валенттік зонадан өткізгіштік зонаға өтуі мүмкін емес. Мұндай заттарда электрөткізгіштік қасиет болмайды. Мысалы: алмаз, йод, кварц.
Донорлы-акцепторлы (координациялық) байланыс. Бір атом (донор) электрон жұбын екінші атом бос орбиталін (акцептор) беру нятижесінде түзілген байланысты донорлы-акцепторлы байланыс деп атайды. Мысалы аммоний ионы аммиак молекуласымен протон арасында донорлы-акцепторлы байланыс пайда болуы нәтижесінде түзіледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет