Дәріс 4 Химиялық байланыс және зат құрылысы


Валенттік байланыс теориясы



бет2/4
Дата20.02.2023
өлшемі19,62 Kb.
#69548
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
4 лекция

1.Валенттік байланыс теориясы. Бұл теория бойынша химиялық байланыс түзіледі тек валенттік электрондардың қабысуы нәтижесінде.
2.Молекулярлық орбитальдар теориясы. Бұл теория бойынша химиялық байланыс түзіледі молекула құрамындағы атомдардың электрондарының орбитальдарының барлық атомдарға ортақ молекулярлық орбитальдар түзуі нәтижесінде.
Сонымен химиялық байланыс – заттардағы атомдардың электростатикалық тартылыс күштерінің арқасында бір-бірімен байланысуы. Химиялық байланыстың түзілуі энергетикалық тиімді, себебі - химиялық байланыс түзілгенде жүйенің энергия қоры азаяды, яғни жүйе тұрақты жағдайға көшеді. Мысалы сутек атомдарынан сутек молекуласы түзілгенде 435 кдж/моль энергия бөлінеді. 435 кдж/моль – сутектің бір молі түзілгенде бөлінетін энергия (Етүзілу) немесе сутектің бір молін ыдыратуға қажет энергия (Еыдырау). Кез-келген химиялық байланыстың түзілу энергиясы мен ыдырау энергиясы бір-біріне тең:
Етүзілу Еыдырау


Химиялық байланыс мына түрлерге бөлінеді: коваленттік байланыс, иондық байланыс, металдық байланыс, сутектік байланыс, молекула аралық әрекеттесулер (диполь-диполь, диполь-индукцияланған диполь, дисперстік әрекеттесулер).
Октет ережесі. Инертті газдар атомдарының электрондық конфигурациясы (2 және 8 валенттік электрондар) - энергия қоры төмен тұрақты жағдай. Химиялық байланыс түзу барысында әрбір атом осындай конфигурацияға, яғни энергетикалық тиімді жағдайға, өтуге тырысады. Бұл ереже “октет ережесі” деп аталады.
Коваленттік байланыс. Коваленттік байланыс - атомдық орбитальдардың бір-бірімен қабысуы арқылы ортақ электрон жұптарының түзілуі нәтижесінде пайда болатын химиялық байланыс. Біртекті элемент атомдарының орбитальдары қабысса – полюссіз, әртекті элемент атомдарының орбитальдары қабысса – полюсті ковалентті байланыс түзіледі. Ковалентті байланыс негізінен бейметалдар атомдарының арасында түзіледі. Ковалентті байланыс бар заттар болады жеке молекулалалар түрінде, атомдық және молекулалық кристалдық торлар түзеді. Ковалентті байланысы бар заттар қалыпты жағдайда газ, сұйық, қатты күйде болады. Химиялық байланыстардың ішінде ең мықтысы (ең тұрақтысы) полюссіз ковалентті байланыс болып табылады. Коваленттік байланысты сипаттайтын көрсеткіштер оның:
а) ұзындығы; б) энергиясы; в) қаныққандығы; г) бағыты.
Электрондық орбитальдардың қабысу түріне байланысты коваленттік байланыс - және -байланыс деп екіге бөлiнеді. -Байланыс – тұрақты байланыс, -байланыс – тұрақсыз байланыс. -Байланысты түзетін электрондардың орбитальдары атомдардың ядроларын қосатын оське симметриялы, сондықтан олардың қабысу деңгейі жоғары болады, яғни байланыс тұрақты болады. -Байланыс түзіледі мына орбитальдар қабысқанда: s – s; s – px; s – sp; s – sp2; s- sp3; px – sp3 және т.б.
-Байланыс түзетін электрондардардың орбитальдары атомдардың ядроларын қосатын ось арқылы өтетін жазықтыққа параллель болғандықтан орбитальдардың қабысу деңгейі төмен болады, сондықтан байланыс тұрақсыз болады. -Байланыс түзіледі мына орбитальдар қабысқанда:
py - py; pz – pz; d – p және т.б.
Иондық байланыс. Иондық байланыс оң және теріс зарядталған иондардың бір-біріне электростатикалық тартылыс күштері арқасында түзіледі. Бұл күштер кеңістікте барлық бағытта әсер етеді. Иондық байланыс тұздарға тән. Тұздар қалыпты жағдайда қатты заттар. Иондық байланысы бар заттарға келесі қасиеттер тән:

  1. Қатты күйінде кристалдық торлар түзеді.

  2. Балқу температуралары аса жоғары болады.

  3. Балқымалары электр тоғын өткізеді

  4. Молекулалары полярлы сұйықтарда (мысалы суда) жақсы ериді.

5. Судағы ерітінділері электр тоғын жақсы өткізеді.
Металдық байланыс. Металдық байланыс металдарға тән. Қалыпты жағдайда металдар (сынаптан басқасы) - қатты заттар. Олар қатты күйінде металдық тор түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет