Дәріс №5. Тақырыбы: Процесс туралы түсінік. Процестерді басқару. Процестердің жағдайы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата12.12.2022
өлшемі246,21 Kb.
#56627
түріПрограмма
1   2   3   4
Гибридттік ядро микроядроның түрлендірілуі.
Микроядролық архитектураның элементтері және монолитті ядроның элементтері 
WindowsNT ядросына топтастырылған. Сондықтан Windows NT ОЖ гибридттік ОЖ. 
Ядро келесі 3 негізгі бөліктерден тұрады: 
1. Файлдік жүйелер; 
2. Процестерді және жадыны басқарудың ішкі жүйесі; 
3. Енгізу-шығарудың ішкі жүйесі. 
ОЖ есептеу ресурстарына процестердің қол жеткізуін басқарады және бірнеше 
тапсырмалардың қатар орындалып жатқанындай көрсетеді.
Ядроның 
негізгі 
тапсырмасы, 
процестердің 
жоспарлаушы, 
процестердің 
арасындағы жүйелік ресурстар үшін бәсекелестігін шешеді. Жоспарлаушы процестерді 
іске қосады, оның бөлінетін ЖР жеке алып алмауын қадағалайды. Приоритеті жоғары 
процесті таңдайды және іске қосады. 
Орталық процессор (ОП) немесе орталық процессорлық 
құрылғы (ОПҚ) (ағыл. central processing unit — CPU) —машиналық нұсқаулардың 
процессоры, есептеу процесіндегі ақпараттардың өңделуіне жауап береді. Қазіргі кездегі 
ОПҚ жеке микросхемалар түрінде (чиптер) дайындалады, оларды микропроцессорлар деп 
атайды. Қарасытырлған мәселелер ядроның архитектурасына және оны іске асыруға 
байланысты әртүрлі болады. 


Процестердің жағдайлары
Көпміндетті (көппроцессорлы) жүйеде процесс келесі 3 жағдайдың біреуінде бола алады: 
ОРЫНДАЛУ – процестің белсенді жағдайы, оның барысында процесс қажетті ресурстарға 
ие және тікелей процессорда орындалады; 
КҮТУ – процестің белсенді емес күйі, процесс оқшауланған (заблокирован), ішкі 
жағдайларға байланысты ол орындала алмайды, белгілі бір жағдайдың орындалуын 
күтеді, мысалы, енгізу-шығару амалдарын аяқтау, басқа процестен хабарлама алу, өзіне 
қажетті қандайда бір ресурсты босатады. 
ДАЙЫН БОЛУЫ – процестің белсенді емес жағдайы, бұл кезде процесс сыртқы 
жағдайлардың әсерінен оқшауланған: процесс өзіне қажет барлық ресурстарға (қорларға) 
ие, ол орындалуға дайын, бірақ процессор басқа процестің орындалуымен бос емес.
Процестерді жоспарлау алгоритіміне сәйкес өмір сүру барысында процесс бір жағдайдан 
басқа жағдайға ауысады, берілген операциялық жүйеде. Процестің графы келесі суретте 
көрсетілген:
Бір процессорлы жүйеде ОРЫНДАЛУ жағдайында тек бір ғана процесс бола алады, ал әр 
КҮТУ және ДАЙЫН БОЛУ жағдайларында – бірнеше процестер болып, осы процестер 
күтетін және дайын процестердің кезегін құрайды. Процестің өмір циклі ДАЙЫН БОЛУ 
жағдайынан басталады, процесс орындалуға дайын және өзінің кезегін күткен кезде. 
Процесс белсенді болғанда ОРЫНДАЛУ жағдайын көшеді және онда процесорды өзі 
босатып, КҮТУ жағдайына өтеді, немесе процессордан күштеп шығарылып тасталады
мысалы, берілген процеске бөлінген процессорлық уақыт квантының бітуіне байланысты. 
Соңғы жағдайда процесс ДАЙЫН БОЛУ жағдайына қайтарылады. Күтілетін жағдай 
болған кезде осы жағдайға процесс КҮТУ жағдайынан ауысады. Процестің өмір сүру 
бойында оның орындалуы үзіліп және жалғастырылады. Процестің қайта орындалуы
үшін оның жағдайын операциялыр ортадан қалпына келтіруге болады. Операциялық 
жүйенің 
жағдайы 
регистрлерінің 
жағдайы 
және 
программалық 
санауыштың, 
процессордың жұмыс режимі, ашық файлдарға сілтемелер, аяқталмаған енгізу-шығару 
операциялары туралы ақпараттар, берілген процестің орындалу барысындағы жүйелік 
шақырулардың қателер коды және т.с.с. арқылы көрсетіледі.
Бұл ақпарат процестің контексі деп аталады. Сонымен қатар, операциялық жүйеге 
процесті жоспралау үшін қосымша ақпараттар қажет: процестің идентификаторы
жағдайы, процестің артықшылық деңгейлері туралы мәліметтер, кодалық сегменттің 
орналасуы және басқа ақпарат. ОЖ-да процестерді жоспарлау үшін пайдаланылатын осы 


түрдегі ақпарат процестің дескрипторы деп аталады. Процестерді жоспарлаудың 
ішкіжүйесіне жеңіл қатынас болатын процестің дескрипторы контекспен салыстырғанда 
өте жедел ақпарат сақтайды. Процестің контексті маңызды емес ақпарат сақтайды, 
операциялық жүйеде үзілген процесті қалпына келтіру туралы шешім қабылданғанда 
пайдаланылады.
Программалық кода орындалып басталады, егер операциялық жүйеде оған 
арналған процесс құрылса. Процесс құру дегеніміз: 
1. берілген процессті сипаттайтын, ақпараттық құрылымдарды (дескриптор және 
контекст) құру үшін.
2. дайын процестердің кезегіне жаңа процесті қосу үшін дескриптор енгізіледі. 
3. процестің кодалық сегментін жедел жадыға жүктеу немесе свопинг аймағына. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет