Жүктемелік гипоксия қандай да болмасын ағзаның немесе тіннің өте жоғары қарқынды қызметінде туындайды. Мұндай ағзалардың немесе тіндердің оттегіге қажеттілігінің күрт жоғарылауы тасымалдау жүйесі мен оттегіні жою жүйесінің барлығы мүмкін болатын қызметтік қорларын толық жұмылдырғанда да толығымен қамтатамасыз етілмейді.
Гипоксияның бұл түрі мысалы, өте ауыр физикалық жүктемеде қаңқа бұлшықетінде дамып, шаршаудың негізгі іске қосатын механизмі болуы мүмкін. Жүктемелік гипоксия эпилепсиялық белсенді ошаққа кіретін нейрондар кешенінде түзіледі. Эпилепсияда мидың жергілікті қанағымы эпибелсенді аймақта 4-6 есеге жоғарылауы мүмкін екені белгілі, бірақ осындай жоғарылаған қанағымы да қарқынды жұмыс істеп жатқан нейрондардың оттегіге қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Эпибелсенді ошақтағы нейрондардың өлуі ишемиядағы оттегімен қамтамасыз етудің тапшылығы кезіндегідей механизммен өтеді.
Аралас этиологиялы гипоксия жиі кездеседі және гипоксияның екі немесе одан да көп түрлерінің қосарлануы болып табылады. Жоғарыда келтірілген оттегілік ашығу түрлері салыстырмалы сирек дамиды, жиі олардың әртүрлі қосарлануы кездеседі. Әдетте қандай да болмасын бірінші дамыған гипоксия белгілі деңгейге жеткенде биологиялық тотығуды қамтамасыз етуге қатысатын басқа ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылысын шақырады. Мысалы, қандай да болмасын генезді созылмалы гипоксия әдетте тыныс ферменттері қызметінің бұзылысымен және тіндік сипаттағы оттегілік жетіспеушілікпен асқынады.
Карциномалық кахексияда біріншілік-тіндік гипоксия респираторлы, циркуляторлы және гемдік гипоксиямен қосарлануы мүмкін.
Гипоксия кезіндегі компенсациялық-бейімделу механизмдері Гипоксия дамуында шартты түрде екі кезеңді бөлуге болады: