Кіші қанайналым шеңберінен басқа, барлық дерлік тамырлық бассейндерде ұсақ артериялар мен артериолалардың кеңеюі;
Қанның осмостығының жоғарылауы, ондағы АТФ ыдырауы өнімдерінің, сүт қышқылының болуы тамыр қабырғаларының тегіс салалы бұлшықет жасушаларының босауын және вазодилатация шақырады;
Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің активациясын шақыратын және жасушалық мембраналардың, соның глюкокортикостероидтар шығарылуы соның ішінде лизосома - мембраналарының тұрақтылығын жоғарылататын күшті стрестік фактор болып табылады;
Бейімделудің ұзақ кезеңі
Бейімделудің ұзақ уақытты кезеңі оттегі тасымалдануына жауапты жүйелерде құрылымдық нәруыз синтезінің жоғарылауымен сипатталады. Жүректе, мида, өкпелерде, тыныс бұлшықеттерінде капиллярлардың жаңа түзілісі өтеді, тыныс бұлышқеттерінің көлемі, өкпе альвеолаларының саны жоғарылайды.
Жілік майының гиперплазиясы қандағы гемоглобиннің гематокритті сандағы мөлшерінің жоғарылауына әкеледі.
Орташа гипоксия жасушаның гендік аппаратының активациясына, митохондрия мен басқа да жасушалық құрылымдардың жоғарылауына әкеледі. Гипоксияның әр түрінде келтірілген орнынбасу-бейімделу реакциялардың әсері әртүрлі. Мысалы, респираторлы және циркуляторлы гипоксияда сыртқы тыныс және қан айналым жүйелерінде бейімделу реакцияларының мүмкіндіктері шектелген.