Аммоний NH4+ топырақта жеңіл тұтылатын және ең сінімді азот ионы. Нитраттар NO3 ионы түрінде көбінесе топырақ ерітіндісінде болады да, оны өсімдік жеңіл сіңіре алады.
Ылғалы мол аудандарда топырақтан,әсіресе парға қалдырылған танаптарда, нитраттар тез шайылып кетуі мүмкін. Өсімдіктердің азотпен қамтамасыздануы ең алдымен органикалық заттардың шіріндіге айналу екпініне байланысты. Бірақ мол өнім алу тәжірибесі тек табиғи азот қорын пайдалануға негізделмеген, өйткені өсімдік өнімі жергілікті жағдайда азотпен қамсыздану мөлшеріне байланысты болады. Азот өсімдіктерге аса қажет болғандықтан, бірінші орындағы қоректік элементке жатады, сондықтан тиісті агрошаралар қолданып, топырақтың азот қорын молайту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |