Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдеби білім берудегі жаңа бағыттар
Әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуындағы үш кезең:
1917-1927 жылдар. Әдебиет пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылуы.
1928-1938 жылдар. Отызыншы жылдардың басында әдебиеттің мектептік жүйеге негізделмеген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқылыу себептері. Оның зиянды зардаптары.
1939-1990 жылдардағы мектеп реформаларының мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізетін әсері.
1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі бетбұрыс. Оның тарихи-әлеуметтік себептері. Әдеби білім тұжырымдамасының жасалуы.
Жалпы білім беретін орта мектептегі жетекші пәндердің бірі- әдебиет пәнінің өзіндік ерекшеліктері, оқу жүйесіндегі алатын орны. Оның көркемөнер салаларының ішіндегі аса қуатты және пәрменді тәрбие құралы екендігі. Көркем әдебиет туындыларын орта мектепте оқытудың қажеттігі.
Орта мектепте әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы, даму арналары және оның өзге де тәсілдері, амалдары, жолдары жөнінде ғылыми жүйелі, тыңғылықты білім алады. Осы аталған бағдар-пайымдар мен ой-жоспарлар пән мақсаты мен міндеттерін айқындайды.
Әдебиет пәнінің мектеп өміріне, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарына игі әсері. Оқушылардың адамгершілік келбетін қалыптастырып, парасат-пайымын терендетуде және күллі сұлулық, көркемдік әлемін танып түсіне білуіне жетелейтіндігі.
Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені).
Араб-парсы әлемі үлгісіндегі әдеби оқу дағдыларының кең қанат жаю себептері, алғы шарттары, қазақ ұғымына үйлесімділігі.
Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу құралдары. Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері.
ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі туралы тың ойлары.
ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі.
Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. Оқу-ағарту ісіндегі уақыт талабына сай өзгерістер; 1917-1927 жылдардағы мектеп түрлері.
1928-1938 жылдар аралығында әдебиетті оқытудағы тарихи бағыттың басымдылығы.
1932 жылы қабылданған «Оқу бағдарламалары мен бастауыш және орта мектептер туралы» қаулы-қарарлар. 1939 жылы қабылданған жаңа бағдарлама, оның ұзақ жылдық қызметі. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу бағдарламасы.
Белгілі бір ұлт-ұлыс, халық, этностардың өзінің ұзақ ғасырлық тарихында әріп ойлап тауып, жазу-оқу өнерін меңгеретіндігі.Сол өнердің бертін келе бірте –бірте дамып өркендейтіндігі. Оның алғашқы аяқ аласы , қара көріністері, ондағы әдеби- тарихи көркем мәтіндердің басым, жетекші рөл атқаратындығы, мысалдары.
Әдебиет пәнінің қалыптасуының әдепкі кезеңдері. (ХІХ-ХХ ғасырдың бас шені). Қазақ даласындағы ертеден қалыптасқан әдеби оқу түрі, оқу құралдары, әдеби мәтіндер мазмұны, бағыты, тәрбиелік мәні, сөз өнеріндегі дәлелді көріністері. Атап айтқанда, әпсана-аңыздар мен жыраулар шығармашылықтарынан аңғарылатын білім-білік жоба-нобайы. Адамдар санасына әсер-ықпалы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар аралығында хат танып, сауат ашу ісіндегі молда-мұғалім әдіскерлер тәлім-тәрбисі.
Қадым оқуы, жәдит оқуы, медреселік оқу түрлері, олардың оқу құралдары. Әдеби мәтін мазмұны мен идеясы, ұстанған бағыттары, ұстаздарының білім деңгейі, дүниеге көзқарасы, мақсат-идеалы.
Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері. Қазақ еліндегі оқу-ағарту жүйесіне ресейлік білім мен ғылым әсерінің біртіндеп күшейе бастауы, қоғамдық-саяси экономикалық, идеологиялық себептері.
ХІХ ғасырдағы қазақ зиялыларының жаңаша білім алу қажеттігі туралы тың ойлары. Алғашқы талпыныс қадамдары. Алға қойған басты мақсат- мұраттары. Әдебиетті оқытудағы жаңа бастама. Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық қызметі мен әдеби шығармашылығы. Әдеби-тарихи, оқу-әдістемелік мақалалары, халық ағарту мәселелері жөніндегі ескертпелері. Ыбырай ашқан қазақ мектебі, өзіндік ерекшелігі, жаңалығы. Ыбырай мектебіндегі әдебиет пәні оқулығы – «Қазақ хрестоматиясы» («Киргизская хрестоматия. Оренбург, 1879»). «Қазақ хрестоматиясының» түзілісі, ондағы әдеби мәтіндер: өлең, әңгіме, новеллалардың тақырыбы. Ы.Алтынсариннің халықтық-ағартушылық көзқарасы және оған орыс педагог әдебиетші әдіскерлері К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский, т.б. жазба ойларының әсері. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі мен қазақ тілінде кітап шығару ісінің өрістеуі. Оның ел өміріндегі әдеби-мәдени елеулі оқиға екендігі. Жұртшылық ой-санасын оятудағы «Серке» (1907) «Қазақ газеті» (1917), «Қазақстан» (1911-1913), «Қазақ» (1913-1918) газеттері және «Айқап» (1911-1915) журналының атқарған игілікті істері мен көтерген мәселелері.
1917 жылғы Қазан төңкерісі. Қазақ халқы тарихындағы кеңестік кезеңнің басталуы. Жаппай сауатсыздықты жою науқаны. Оқу-ағарту ісіндегі уақыт талабына сай өзгерістер; 1917-1927 жылдардағы мектеп түрлері. 1919 жылы РКП (б) VIII съезі қабылдаған «Бірегей еңбек мектебі туралы тұжырымдама». Әдебиет сабақтарындағы «еңбек әдістемесі» - оқиғалық шығармалардың макет көріністері. Жаңа қоғамдық құрылыс және оның идеологиясын түсіндіру сипаттары. Қоғамдық тәрбие құралы болғандығы. 1921 жылы жаңа кеңестік мектептерге арналған «Әдебиет бағдарламалары». Осы бағдарлама негізінде «Әдебиеттік оқу» терминінің| (атауының) қалыптасуы. Бағдарламадағы әдебиеттік оқуға қойылған талаптар мен берілген нұсқаулардың маңызы, жаңашылдығы, кемшіліктері. Бағдарламаларды жетілдірудегі 1923-1925, 1927 жылдардағы соны талпыныстар. 1928-1938 жылдар аралығында әдебиетті оқытудағы тарихи бағыттың басымдылығы. Тарихи-әдебиеттік курстардың жетекшілік рөлі, себептері. 1931 жылғы «БКП (б) ОК-нің бастауыш және орта мектептер туралы қаулысы» онда аталған жалпы білім берудегі кемшіліктер, көңіл аударылған мәселелер. 1932 жылы қабылданған «Оқу бағдарламалары мен бастауыш және орта мектептер туралы» қаулы-қарарлар. Солардың негізшде жасалған 1933 жылғы бағдарламалар, олардың 1939 жылға дейін пайдаға асуы, жетістіктері мен кемшіліктері.
1939 жылы қабылданған жаңа бағдарлама, оның ұзақ жылдық қызметі. 1940 жылы алғаш рет шыққан әдебиеттік оқу бағдарламасы. Негізгі үш түрлі нысанасы: кеңестік әдебиет шығармалары, халық ауыз әдебиеті үлгілері, классик жазушылардың әдеби мұралары. Кеңестік орыс мектептерінің түзілісі, олардың әдебиетті оқыту бағдарламаларын негізге алған, сол бағытта түзілген қазақ мектептерінің жүйесі. Төрт, жеті, сегіз, тоғыз, он және он бір жылдық қазақ мектептері. Қазақ мектептерінің латын және крилица қарпінде білім беруге мәжбүр болғандығы, себептері.
1940-1990 жылдар аралығындағы оқу-ағарту ісінің өркендеу жолы. Кеңес дәуірінде мектептерде негізінен оқытылған басты-басты пәндер. 1958, 1985 жылдардағы мектеп реформалары, әсер-ықпалы. Аталған жылдарда әдебиет пәнін оқыту, жетілдіру жөнінде әдістемелік еңбектер мен оқу бағдарламаларын құрастырып жазған ғалым-әдіскерлер. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаева, Т.Ақшолақов, Ш.Кәрібаев, С.Қалиев, т.б. әдіскерлер, педагог тәлімгерлердің үлгі-өнегелері.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:
1.1917 жылға дейінгі қазақ даласындағы мектептер.
А) Орыстың алдынғы қатарлы өнер-бiлiмiне негiзделген мектеп
В) Еңбек пен бiлiмдi ұштастыратын мектеп
С) Кадим мектебi
D) Жадит мектебi
E) Буржуазиялық мектеп
F) Тарихи жаңалық енгізу мектебі
G) Әдебиеттік оқу мектебі
H) Бастауыш оқу жүйесі
2.Қазақ әдебиетi жеке пән ретiнде мектептiң оқу жоспарына қашан ендi
А) 1932
B) 1931
C) Қуғын – сүргін жылы
D) 1987
E) 1989
F) ХХ ғасырдың І жартысы
G) Ашаршылық жылы
H) Ашаршылықтан 1 жыл бұрын
3.Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби – білім негіздері көрініс тапқан қазақ баспасөздері
A) «Социалистік Қазақстан»
B) «Ақ жол» газеті
C) «Еңбек туы» газеті
D) «Айқап журналы»
E) «Қазақ» газеттері
F) М.Сералин басшылық жасаған журнал
G) «Білім нұры» газеті
H) «Жас Алаш» газеті
4.ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанда мектептік білім жүйесінің түрлері
A) Медреселік мектептер
B) Иман, қажы – сопылар мектебі
C) Діни мектептер
D) Ерлер мен әйелдер гимназиялары
E) Училищелер, мұғалімдер семинариялары
F) Кәсіби оқу мекемелері
G) Буржуазиялық мектептер
H) Жадитшілер мектебі
5.1931-1932 жылдардағы БКП (б) орталық комитеті шығарған қаулының мақсаты
A) Әдеби білім беруді жетілдіру
B) Оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру
C) Арнайы бағдарламалар арқылы оқыту
D) М .Әуезов еңбектері арқылы
E) Ш.Уәлиханов еңбектері арқылы
F) Әдебиетті тереңдетіп оқыту
G) Сыныптан тыс оқыту
H) Әлемдік білім тәжірибесімен оқыту
6.1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер
A) Білім беру жүйесіндегі реформалар
B) Әдеби білім тұжырымдамасы
C) ҚР орта білім мемлекеттік стандарты
D) Қазақ халқының рухани құндылықтары
E) Қоғамтану құралдары
F) Әдістеменің даму тарихы
G) Пәндік олимпиадалар
H) Кеңестік білім жүйесінің ерекшеліктері
7.Әдебиетті оқытудың басты мақсаты
A) Сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру
B) Дидактикалық материалдармен таныстыру
C) Оқушының рухани дүниесін байыту
D) Кәсіптік білім беру
E) Ертегілер туралы ой толғау
F) Кітапқа деген қызығушылығын ояту
G) Әңгіме жазуға үйрету
H) Лирика туралы түсінік беру
8.Әр кезеңде мектепке және жоғары оқу орындарына арналған оқулық жазған авторлар
A) А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов
B) С.Ерубаев, С.Мұратбеков
C) М.Дулатов, М.Жұмабаев
D) Ш.Құдайбердиев, М.Әлімбаев
E) М.Сералин , М. Мырзахметұлы
F) С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов
G) Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев
H) Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов
9.Қазақ әдебиетінің 1934 жылы шыққан 7 жылдық жаңа программасының 1932 жылғы программадан айырмашылығы
A) Әдебиеттік шығармаларды қоғамтану негізіне сүйенгендігі
B) Қоғамдық тақырыптар төңірегінде шоғырлануы
C) Әдебиетті тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытуға бейімдеуі
D) Әдебиет теориясымен шектелуі
E) Ауыз әдебиетін оқытуы
F) Қазақ хандық дәуір әдебиетіне шолуы
G) Ежелгі дәуірді оқытуы
H) Ағартушылардың өмірбаянын оқытуы
10.Әдебиеттің басқа пәндерден айырмашылығы
A) Оқырмандардың жоқтығы
B) Сауатты жаза білуі
C) Білім берудегі реформалар
D) Әдеби білім тұжырымдамасы
E) Орыс тіліне ұқсастығы
F) Дәлелденген ешқандай заң жүйесінің болмауы
G) Формула, элементтердің жоқтығы
H) Айнымас ережелердің болмауы
11.Қазақ әдебиеті жеке пән ретінде мектептің оқу жоспарына қашан енді
А) 1932
B) 1957
C) 1987
D) 1989
E) ХХ ғ.I жартысы
F) Ашаршылық жылдары
G) 1941
H) 1953
12.Әдебиетті оқыту әдістемесінің қарастыратын мәселесі
А) Шебер сөйлеуге баулу
В) Көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың әдеби туындыны жан-жақты түсіну
С) Жазушы стилі,тілі жайында мәлімет беру
D) Әдістемелік проблемаларды шешу
Е) Тиімді әдіс-амал,тәсілдердің жүйесін қарастыру
F) Қоғамдық ғылымдармен байланыс
G) Ғылымның өзіне ғана тән заңдылықтарын айқындап беру
H) Көркемдікті таныту
Сұрақтар:
Әдеби білім берудегі негізгі талаптар мен жаңа бетбұрыстар.
Мектепте білім мен тәрбие берудегі әдебиет пәнінің орны, әдеби білім берудің негізгі бағыттары.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзіне тін ерекшелігі, қарастыратын мәселеері.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихындағы кеңестік білім беру үрдісі
ХХ ғасыр басындағы білім беру мектептері түрлері, ерекшеліктері
Әдебиетті оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихындағы әдіскер-ғалымдар еңбектері
|