Элементтік құрам. Топырақты минералдық органикалық және органика-минералдық заттар құрамайды. Бұлардың химиялық құрамы топырақ құралатын жыныстардан өзгеше болады. Топырқтың ерекше өзгешелігі химиялық құрамындағы гумин заттарының-түрлі элементтер қоспаларының өзгермелі құрамды болуы және динамикалық уақытқа өзгеруі.
Топырақтың минералдық құрамының негізгі бұлағы литосфераның құрлық қабығы құрамындағы таулық жыныстар. Ал органикалық заттар топырақта өсімдіктер мен түрлі жәндіктер тіршілігі арқасында құралады. Айтылған минералдық және органикалық заттардың өзара байланысы арқасында өте күрделі қоспалар жаралады.
Топырақта минералдық құрам 80-90% -ке жетсе, органикалық құрам 10% -тей ғана. Қазір топырақ құрамында көптеген белгілі химиялық элементтер бар.
Американ геолоті Ф.Кларк атымен (1889) топырақ-литосфера құрамындағы элементтер мөлшерінің орташа көрсеткіші кларк деп аталады.
Академик В.Вернадский топырақты геохимиялық тұрғыдан зерттесе (1911), А.Виноградов жыныстар құрамындағы химиялық элементтер мөлшерін ұсынған.
Химиялық элементтер мөлшеріне қарағанда, литосфера массасының тең жартысына дейіні оттегінен тұрады екен (47,2 проц), төрт бөлшектің бірі кремнийге келеді-27,6 олардан кейін алюминий (8,8), темір (5,1) кальций, натрий, калий мен магний тұр (2-ден 3 процентке дейін әр қайсысы). Аталған 8 элементтер үлесі 99 проц.болса, қалған элементтерге, атап айтқанда, өсімдікке ең қажет көміртегі, азот, күкірт, форфорға жүздің оннан бір бөлігіндей процент келеді. Ең аз мөлшерде микроэлементтер кіреді.
Кесте 9
Достарыңызбен бөлісу: |