Экологиялық білімнің педагогикалық негіздері (экологиялық білім беру стратегиясы; тұлғаның экологиялық түсінігін қалыптастыру; тұлғаның табиғат әлеміне қатынасын қалыптастыру, табиғат әлемімен өзара іс-қимыл стратегиясы мен технологияларын қалыптастыру).
«Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыз өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салуы керек», — деп көрсетілген Елбасының халыққа Жолдауында [1]. Себебі экологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге адамның биологиялық-генетикалық құрылымы бейімделіп үлгере алмағандықтан, адам денсаулығына орасан зор нұқсан келуде. Табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасының, оның ішінде адамның өзін сақтап қалу проблемасы әрбір адамнан экологиялық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім беру — мектептің басты міндеті. Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесіндегі 1999 жылы экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды [2]. Оның негізгі мақсаты — көпшілікке жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол мынадай оқу жүйесінен тұрады:мектепке дейінгі мекемелерге экологиялық тәрбие беру;мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру; арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім беру; көпшіліктің экологиялық сауатынашу.
Осыған орай біз орта мектеп химия курсында химия пәнін оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесін жасауды мақсат етіп қойдық.
Экологиялық тәрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.
Бүгінде балалармен олардың жас, әлеуметтік, психологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе әрбір баланың жеке өзгешелігіне назар аудармай жұмыс істеудің мүмкін емес екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Cондықтан біз алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:
мектеп химия курсында экологиялық білім берудің теориялық негіздерін саралау;
мектеп химия курсында экологиялық білім берудің әдістемелік аспектілерін саралау;
химиялық білімдерді меңгеруге көмектесетін экологиялық мазмұнның әсерін нақты көрсететін химия курсының тақырыптарын таңдау;
орта мектеп химияны оқыту кезіндегі оқушылардың экологиялық білімдерінің күйін анықтау үшін нақты зерттеу жүргізу;
«экологиялық мәдениет» ұғымының мәнін, құрылымын, қызметін педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету;
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау;
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды жүзеге асыратын ғылыми- әдістемелік нұсқаудайындау;
таңдалған тақырыптар бойынша химияны оқуға ынталандыруды және химиялық білімдерді меңгеруді күшейтуге экологиялық компоненттердің әсерін зерттеу мақсатында педагогикалық зерттеужүргізу.
Экологиялық тәрбие — бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді. Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуікерек.
«Экология» пәні туыстас пәндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді. 1980-жылдардың ортасында химия мұғалімдерінің зерттеу жұмыстарында да пәнаралық байланыс (биология және геоғрафия) қолданылып келеді. Зерттеушілердің ойы бойынша, оқу процесінде пәнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді және қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады. Бірақ пәнаралық байланыс толық интеграция емес, оқу процесіндегі интеграция оқу үрдісіндегі ерекше жүйе, яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.