Дәріс №7 Тақырыбы: Химиялық – технологиялық



бет1/4
Дата14.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#92935
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция-7 Сызбанұсқа

Дәріс №7

Тақырыбы: Химиялық – технологиялық

жүйелерді модельдеу

Жоспары

Химиялық өндіріс

  • Химиялық өндіріс әртүрлі ағыстармен өзара байланысқан ондаған, жүздеген аппараттар мен қондырғылардан тұрады.
  • Жүйе деп өндірістегі элементтер мен байланыстар арасындағы біртұтас жиынтықты айтады. Байланыстар элементтерді өзара қосады.
  • Химиялық өндірісте элементтер – машиналар, аппараттар және басқа қондырғылар, ал байланыстар – машиналар, аппараттар, қондырғыларды қосатын материалдық трубалар - бу өткізгіштер т.б.
  • Элементте ағыстардың қозғалысы (олардың күйлерінің өзгерісі бөліну, араласу, сығылу, қыздыру, химиялық өзгерістер т.б.) жүзеге асады.
  • Байланыста ағыстар (материалдық, жылулық, энергетикалық) бір элементтен басқа элементке жіберіледі.

Химиялық-технологиялық процесті ұйымдастыру

  • Химиялық-технологиялық жүйе – бастапқы затты өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) және материалдық, энергетикалық, басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.
  • Шикізат дайын өнімге дейін өңделетін машиналар мен аппараттардың жиынтығын технологиялық жүйе деп аталады.
  • Машиналар мен аппараттарда жүретін операциялардың графикалық кескінделуі мен баяндалуын технологиялық сызбанұсқа деп атайды.
  • Кез келген химиялық-технологиялық процесті ұйымдастыру:

  • процестің химиялық-технологиялық сызбанұсқаларын жасау;
  • оптималды технологиялық параметрлерді таңдау және процестің технологиялық режимін анықтау;
  • аппараттардың конструкциясын және типтерін таңдау;
  • процестің әрбір сатысын бақылайтын және реттейтін параметрлерін анықтау
  • т.б. сатылардан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет