5) сутек алу кезіндегі СО2 абсорбциясы (моноэтаноламин ерітіндісімен сіңіреді)
6) газды СО тазарту CО + 3Н2 → СН4 + Н2О
7) аммиак синтезі 3Н2 + N2 = 2NH3
Химиялық және операциялық сызбанұсқалар өндіріс және оның негізгі сатылары жайлы мағлұмат береді.
Функционалдық (принципиалдық) сызбанұсқа
Функционалдық сызбанұсқа химиялық және операциялық модельдер негізінде құрылады және химиялық технологиялық процестің сатыларын және олардың өзара байланыстарын көрсетеді. Принципиалдық сызбанұсқа технологиялық процесті құрайтын негізгі физикалық және химиялық операциялар арасындағы байланысты сипаттайды.
Принципалдық сызбанұсқа технологиялыққа қарағанда ХТЖ элементтері геометриялық фигуралар (тік бұрыш, дөңгелек) түрінде болады. Берілген аммиак синтезінің сызба - нұсқасында цифрлар операциялық модельдің сатыларына сәйкес келеді.
Мысалы, аммиак өндірісінің функционалды сызбанұсқасы жоғарыда келтірілген операциялық моделге сәйкес төменде берілген.