Технологиялық сызбанұсқа жүйе элементтерін, олардың қосылу реттілігін және технологиялық операциялар реттілігін көрсетеді. Технологиялық сызбанұсқада әрбір элемент (агрегат, аппарат, машина) жалпы қабылданған бейнеге ие, олар оның сыртқы түріне сәйкес келеді. Байланыстар стрелкасы бар сызықтармен немесе құбырлар түрінде көрсетіледі. Аппаратардың орналасуы олардың цехтағы ретпен қойылуына сәйкес келеді.
Төмендегі суретте аммиакты синтездеудің қысқаша технологиялық сызбанұсқасы көрсетілген.
Технологиялық сызбанұсқа жаңа өндірісті іске қосқанда, сонымен бірге жобалағанда қолданады.
.
CaC2 + 2H2O = C2H2 +Ca (OH)2 а. І - CaC2 майдалау, ұсату; ІІ-химиялық реакция; ІІІ- C2H2 салқындату және шаю; ІҮ- C2H2 тазалау.
б. 1-қабылдағыш бункер; 2-автоматты тығын; 3-буферлі бункер; 4-шнек; 5-ацетиленді генератор;
6-әкті алуға арналған шнек; 7-скруббер; 8-тұндырғыш; 9-тоңазытқыш.
Операторлық сызбанұсқа
Арнайы сызбанұсқа ХТЖ анализінде және есептеулерінде арнайы математикалық аппараттар мен есептеуші әдістерді қолдана отырып пайдаланады. Мұндай сызбанұсқалардың бірі – операторлы. Егер құрылысты сызбанұсқада барлық элементтер белгісіз болса, операторлы сызбанұсқаларда әрбір элемент «технологиялық оператор» деп аталатын арнайы белгілермен көрсетілген.