Дәріс 8-9 Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Дәріс 8-9 Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы (Difficulties)
Пәндерді меңгеруде өзгеше қиындықтары бар оқушылар
Эмоционалды-еріктік саласы бұзылған балалар
Гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігі бар балалар
Көп жағдайда ата-аналар баласының бір жерде отырмай, көп қозғалып, асығып-үсігіп жүретіндігін, айналып жүретіндігін және басқа балалар мен ересектерге кедергі келтіре отырып, қатты сөйлейтіндігін көріп жатады. Бұндай балалар өз қозғалыстарында икемсіз болады және қозғалыс координациясы мен бұлшықеттік бақылау әлсіз болғандықтан барлығын түсіріп, сындырып, жиі сүрініп, құлай беретін болады. Бұндай балалар әдетте бір нәрсеге ойларын жинақтай алмайды, не болса соған алаңдап, сұрақты өте көп қойып, жауабын тыңдамастан, кейіннен тағы да тез жалығатын басқа істерді бастап кетеді.. Осылардың барлығы қысқа уақыт аралығында болып жатады. Кейде осындай баланың энергиясы бірнеше адамға жететін секілді көрінеді. Сондықтан оларды гипербелсенді деп атайды.
ГЗЖБ көптеген балаларда кездеседі (әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша шамамен осы белгіден сәбилердің 10 % зардап шегеді) және бұл белгі олардың әлеуметтік бейімделуіне кедергі етеді . Осы белгі қыздарға қарағанда ұлдарда 4-5 есеге жиі кездеседі.
ГЗЖБ бастапқы пайда болуын кейде бала өмірінің бірінші жылында-ақ байқауға болады. Бұндай балалар әр түрлі қоздырғыштарға (мысалы, жасанды жарыққа, дыбыстарға, баланың күтіміне байланысты анасының әр түрлі әрекеттеріне т.с.с) аса сезімтал болады, олар қатты жылаумен, ұйқысының жиі бұзылуымен (әрең ұйықтайды, аз ұйықтайды, сергектігі басым) айрықшаланады, қимыл-қозғалыстық әрекеттерінде аздап қалыс қалушылық байқалуы, (1-2 ай кейін аунап, еңбектеп, жүре бастауы мүмкін), сондай-ақ кеш сөйлеуі мүмкін, олар инертті, пассивті және айтарлықтай эмоционалды болмайды.
Қандай жаста болмасын өз балаларынан осындай бұзушылықтарды байқаған ата-аналар баланы невропатологке немесе психиатрға апарып , тексертіп алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |