Масс – спектрлік талдау Молекулалар және атомдардың ионизациясы. Ионизация әдісте-
рі. Масс – спектрометр. Масс- анализатор. Ионды токтарды тіркеу.
Талдаудың масс–спектрлік әдісі – әр түрлі элементтердің иондар ағынының, саны
мен оның құрамына кіретін, электростатикалық және магнит өрісінің әсерінен газ күйіне
бөліну қабілетіне негізделген, атомдар мен молекулалардың массаларын анықтау жолымен
затты зерттеу әдісі. Электрлік көлденең өрісте зарядталған бөлшектің траекториясының
қисықтық радиусы оның энергиясына тура және өріс кернеулігіне кері пропорционал.
Демек, электрлік өріс энергия бойынша анализатор ретінде әсер етеді де, бі-рақ иондарды
масса бойынша бөле алмайды. Магниттік өрісте заряд бөлшектің траекториясының
қисықтық радиусы қозғалыс көлемінің моментіне тура пропорционал және өріс
кернеулігіне кері пропорцио-нал.Электрлік және магниттік өрісті түйістіріп,массаның
зарядқа (m/e) қатынасы арқылы иондар шоғын талдауға болады. Бұл принципте масс-
спектрометрлік деп аталатын құралдардың құрылуы негізделген.
Зерттелінетін зат ең алдымен ионизацияға ұшырайды. Заттың күйіне байланысты
(қатты дене, сұйық, газ, органикалық қосылыс және т.б.) ионизацияның келесі әдістері
қолданылады: электрлік соққымен ионизациялау, фотоионизация, күшті электрлік өрістегі
ионизация, беттік ионизация, ұшқын разряд (вакуумды ұшқын), лазер-лік сәулелену
әсерінен болатын ионизация. Элементтерді анықтайтын саны теріске қарағанда үш ретке
жоғары оң иондарды жиі қолданады.
Масс-спектрометр құрамында зерттелінетін затты дайындауға арналған құрылғыдан
құралған, олар: иондық көз, мұнда бұл зат бөлшекті иондалады және иондық шоқтың
қалыптасуы болады; иондардың масса бойынша бөлінуі (немесе ион массасының оның
заряды шамасы бойынша қатынасы) жүретін масс-анализатор; иондық ток күшейтілетін
және тіркелетін электрлік сигнал болып қалыптасатын иондық қабылдағыш. Тіркеуші
құрылғыға иондардың саны (иондық тоқ) жөнінде ақпараттан өзге, анализатордан
иондардың массасы туралы ақпарат түседі. Сонымен қатар иондық көз бен анализаторда,
жоғарғы вакуум құрушы және ұстаушы электрлік қорек пен құрылғы жүйесі бар, оны кейде
ЭЕМ-мен қосады.