Байланысты: Д ріс №9 старды морфологиялы ж не физиологиялы ерекшеліктер
Омыртқа жотасы — мойын, кеуде, бел, сегізкез және қүймышақ-құйрық бөлімдерінен қалыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын оыыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұнын, өзі олардың тез -қимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқалыларының кұрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.
Кеуде омыртқалары 3-тен 10-ға дейін бір-бірімен сегізкөз және құймышақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылысты болуы арнаулы бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алу орындалуда маңызы зор.
Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегізкөз-құймышақ омыртқалар-мен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10-22) тек қана кұстарға тән күрделі сегізкөз-құймышақ қалыптасады жая омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы алдыңғы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады.Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6-9 болады. Құйрық омыртқалары бірден қүйыршық сүйегіне айналады - мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынантұрады. Құйыршықсүйектеріқұйрық қанаттары бекитін тірегі болып есептеледі.Құйрық сүйектері, құйрық қанаттарының бекуіне мүмкіндік береді.
Құстардың бас сүйегінің - құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысыиа ұқсас. Желке белімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жорарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек құстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, таңдай және қанат тәрізді сүйектерден калыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан — қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы —жақаралық және жорарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан —бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады, соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты — буынды сүйектен және тері тектес -тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады.Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші жұбына сәйкес келеді.
Есіту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Құстардың бас сүйегінің рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар: құстардың миының көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен болуына байланысты, көз ұясының да шұңкыры үлкен болады; құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады. Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қолайлы күшті аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұқа және жіктері өте ұсақ сондықтан да ми сауыты мықты және жеңіл болады.