Дәріс №9 Құстардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, систематикасы Дәрістің оқыту нәтижелері



бет3/6
Дата05.05.2023
өлшемі29,02 Kb.
#90219
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Д ріс №9 старды морфологиялы ж не физиологиялы ерекшеліктер

Қанаттары және иық белдеуі — ұшуға бейімделуге байланысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, коракоидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жак бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпеп жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді - мұны «айыр» сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді. Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жамбас белдеуіне күрделі сегіз көз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтассып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі сүйектері бірігп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонданай суйегінің сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты кұрайды, оң және сол жамбас сүйектерінің құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Мұның өзі,сырты қатты қабықпен капталған ірі жүмыртқа тууына байланысты болған.
Артқы аяқтары — ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі — ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екІншІ бөлімі - асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі — сирақ және саусак,тардан тұады. Асықты жіліктіқ төменгі басына сирақтың бас жағы келіп жалғасады. Ересек кұстардың сирақтары бір гана сүйектен тұрады. Эмбриональдық даму кезінде осы жоғарыда көрсетілген. Сүйек — табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бір-қатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады.
Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.
Асқорыту мүшелері. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады. Тілдің түбінен жұтқыншақ, одан өңеш басталады. Кейбір құстардың өңешінде азықты уақытша сақтайтын жөне аздап қорытылатын кеңейген бөлімі болады, оны жемсау деп атайды. Көгершіндер осы жемсауының ішкі қабатынан «сүт» деп аталатын майлы бөртпе тәрізді зат бөліп, онымен балапандарын қоректендіреді. Өңеш қабырғасы жұқа безді қарынға ашылады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап шығарады. Бұдан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Қарынның ішкі беті мүйізденген қабыршақпен қапталған. Қарында қоректік ірі заттар механикалық өзгеріске ұшырайды. Бұған қарында болатын, қүстың әдейі жұтқан ұсақ тастары әсер етеді. Етті қарыннан қоректік зат аш ішектің басталар жері 12 елі ішекке түседі. Он екі елі ішектің орамында ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген, оларды бір-бірінен ажырату қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет