Зәр шығару мүшелері. Құстардың ұрықтарында мезонепрос-дене бүйрегі болса, ересектерінде метанепрос-мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі олады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне барып ашылатын несеп түтігі шығады. Ересек құстардың куығы болмайды; ал ұрықтарында, рептилилердің ұрығында болатын — аллонтоис сияқты қуық болса, тіпті кейбір құстарда бір жасқа дейін қуықтың жұрнақтары сақталады. Денесімен салыстырғанда, құстардың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінен де үлкен болады Құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесіндс зат алмасу процесінің белсенді жүруіне байланысты. Құстардың несебінде белокты заттың қалдығы көп болады және сүтқоректілердегідей мочевинадан тұрмай, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Жыныс мүшелері. Аталық жыныс бездері бұршақ пішіндес, екі бүйрегінің үстіңгі жағында шарбы майына ілініп тұрады. Жыл маусымының өзгеруіне қарай, олардың көлемі де өзгереді. Мысалы, көбею кезінде қара торғайдың жыныс безі алғашқы көлемінен 1500 есе үлкейеді. Аталық жыныс безінің ішкі жағындағы жиегінде жетілмеген өсінді қосалқысы (ерійісіутіз) болады, ол ұрықтың дене бүйрегінің алдыңғы бөліміне ұқсайды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтігі шығады да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып енеді. Кейбір түрлерінде бұл түтіктер клоакаға құяр алдында кеңейіп, тұқым қалтасы деп аталатын қуысты құрайды.Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Клоаканың жиегінің өсуінен пайда болған шағылыс органы қаз тәрізділерде, тырналарда және түйеқұстарда болады. Құтандарда, дегелектерде де, қоқиқаздарда да және дуадақтарда шағылыс органының жұрнағы сақталады. Бұлар шағылысканда еркегінің спермасы ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады.Көптеген құстардың ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безі мен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады да асимметриялы болып орналасады. Оң жақ аналық безі кейбір ғана құстарда: күндізгі жыртқыштарда, үкілерде, гагарларда, тотыларда, тауық тұқымдастарында ғана болады. Әсіресе, тотыларда жақсырақ дамыған. Бұл құстарда оң жақ жыныс безі қаншама жақсы жетілсе де, олар әрқашанда кызмет атқара бермейдІ. Оң жақ жыныс бездерінде жұмыртқа жетілгенімен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады.Ұрғашыларының оң жақ аналық безінің нашар дамуы құстардың қатты қабықты, өте ірі жұмыртқа тууына байланысты болуы мүмкін. Тұқым жолымен жұмыртқа өте баяу қозғалады, яғни 1- 2 тәулікке созылады.