Дәріс №9 Құстардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, систематикасы Дәрістің оқыту нәтижелері



бет4/6
Дата05.05.2023
өлшемі29,02 Kb.
#90219
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Д ріс №9 старды морфологиялы ж не физиологиялы ерекшеліктер

Тынысалу мүшелері. Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік.
Қан айналу мүшелері. Құстардың жүрегі төрт бөлімнен тұрады (2 жүрекше ,2 қарынша). Өкпеде тотыққан қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға кұйылады. Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронханы айналып, дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, одан ішкі органдардағы артерияларға тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жағын қуалай отырып, арқа қолқасына айналды. Сегізкөз тұсына барғанда арқа қолқасынан сан және шат қос артериялары тарамдалып шығады да, қолқаның өзі кішкене құйрық артериясына айналады және ол кұйрыктың ұшына барып бітеді. Диаметрі қолқадан кеңірек болып келетін, өте үлкен атсыз артериялар бас бөліміне қан апарушы - ұйқы артериясына (күре тамыр) алдыңғы аяқтарына (қанатына) баратын бұғана асты артериясына және өте үлкен кеуде еттеріне баратын көкірек артериясына тарайды. Жүректің оң жақ қарыншасынан бір ғана сабақпен басталатын қолқа келешекте екі өкпе артериясына тарамдалады.
Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жіктелуінің нәтижесінде барлық органдары артерия қанымен қамтамасыз етіліп отырады. Осы жағдайға сәйкес және қан ағысының тездігіне, ал онымен бірге зат алмасуының жеделдігіне байланысты құстардың денесінің температурасы жоғары болады (42°).
Жүйке жүйесі. Біршама күрделі. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңары басқа ми бөлімдерінен айрықша үлкен. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Бұл құстардың тіршілік еткен ортасымен қарым-қатынасының күрделігіне байланысты. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңары басқа ми бөлімдерінен айрықша үлкен. Бірақ, рептилилердікі сияқты алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Ми сыңарының үстіңгі бөлімі (крыша) сүт қоректілердікіне қарағанда нашар дамыған, ол негізінде бірінші реттегі даму дәрежесінде болған алғашқы күмбез деп аталатын түріндесақталған. Бас миының көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен, керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады. Аралық миы мен эпифизі нашар дамыған, гипофиздің жігі жақсы көрініп тұрады. Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан. Мишық үстіңгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де, арт жағынан сопақша миды бүркеп жауып жатады. Мишықтың ортаңғы бөлімі негізінен құртша деп аталатын, көлденең орналасқан сайлары бар түбір бөлімнен тұрады. Құстардың бас нервтері он екі пар болады. Жұлыны иық және бел маңайында, рептилилердегі сияқты жалпақ болады.
Сезім мүшелері . Ішкі және ортаңғы құлақ. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы бір тесікпен жалғасады. Есту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері жамылғысының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет