8-дəріс.
«Алаш» қозғалысы жəне ұлттық мемлекет идеясы
– 2
академ.сағ.
Жоспары:
1.
Ұлттық зиялылардың қалыптасуы
2. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жəне
оның Қазақстанға əсері.
3. «Алаш» қозғалысы жəне ұлттық идея. «Алаш» партиясының құрылуы
1. XIX ғ. екінші жартысы-XX ғ. басында Қазақстанның əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының
рухани өмipiнe терең əсер eттi. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса,
құлдыққа салушылардың мəдениеті күштеп таңылды. Ұлттық зиялылардың
қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі жəне ұзаққа созылған үрдіс
болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мəдениетте де мамандар
санының өсуінен көрінгені күмəнсіз. Оның барысын отаршылдық режим
жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік
саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғ. аяғы XX ғ. басы халықтық
интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады.
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселер-
де, не «орыс-қазақ», «бұратаналық», ауылдық мектептерде оқып, бастауыш
білім алуға болатын еді, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес,
сонымен қатар орыс мемлекетінің де мүдделеріне қызмет eттi. 1874 ж.
Қазақстанның мұсылман мектептері халық ағарту министрлігіне тікелей
бағындырылды. Империялық үкімет мұнымен тоқталмай, 1876 ж. мұсылман
мектептеріне орыс сыныптарын енгізу арқылы орыстандыру жөнінде тағы
бip ipi қадам жасады.
Дəстүрлі мектептерден оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын
жаңа əдіспен оқытатын Уфадағы «Ғалия», Орынбордағы «Хусаиния»,
Троицкдегі «Расулия», «Уазифа» сияқты ipi медреселерге оқуын
жалғастыруға жіберетін. «Ғалия» медресесінде 300-ден астам қазақ баласы
білім алды. Олардың арасында қазақтың белгілі зиялылары, жазушылар Б.
Майлин, М. Жұмабаев, педагог-ақын Т. Жомартбаев, М. Оразаев, Н. Манаев,
Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, жəне басқалар бар. Медресенің
тəрбиеленушілері озық демократиялық идеялардың ықпалына түсіп, ескі
оқыту əдістеріне, артта қалушылық пен надандыққа карсы шықты. Шəкірттер
арасында ұлтты түлету, өз елінің тарихын, əдебиеті мен тілін оқып-үйрену,
зерттеу идеялары кең таралды. «Ғалия» медресесінің шəкірттері жастарды
əдебиетке тарту мақсатымен 1916 ж. қолжазба «Садақ» журналын шығарып
тұрды.
«Хусаиния» медресесінің шəкірттері «Қазақ тілін үйрену жөніндегі
қоғам» құрды, оның мақсаты қазақ əдебиеті мұраларын басып шығару, қазақ
тілінде мектептерге арналған оқулықтар мен кітаптар құрастыру, болашақта
қазақ тілінде газеттер шығаруға жəрдемдесу болатын. Патша өкіметі қазақ
халқы арасында оқу-ағарту iciн бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін
жəне арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп
санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге мүдделі
болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді қазақтардын
толық жəне жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс басқарушылары
жанында тілмаш, сұлтандардың ic жүргізушілері жəне т.б. болып жұмыс
істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты.Бұратаналардың
балалары кipe алатын алғашқы орта оқу орны Орынбор кадет корпусы деп
аталды. 1825-1866 ж.ж. Орынбор кадет корпу- сын 35 қазақ бітірді. Оның
алғашқы түлектері-сұлтан М. Тəукин, С. Жантөрин, Ш. Уəлиханов М.-С.
Бабажанов болды. Қазақтар окыған оқу орындарының бipi Орынбор
гимназиясы болды, 1868-1892 ж.ж. гимназияда 52 қазақ оқыды.
Осы кезеңде жоғары медициналық білімі бар алғашқы қазақ дəрігерлері
шықты. Олар Қазан, Саратов, Томск, Мəскеу университеттерінде, сондай-ақ
С.-Петербургтің əскери-медицина академиясы мен университетінде білім
алды. Ə. Бөкейханов С.-Петербург Императорлық орман институтын 1894 ж.
үздік бітіріп шықты. Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев, С. Лапин, М. Шоқаевтар С.-
Петербург университетінің заң факультетін бітірді, С. Жантөрин, Б. жэне О.
Ниязовтар, С. Нұралыханов жəне басқалар С.-Петербург, Қазан, Томск,
Мəскеу уни- верситеттерінің зан факультетінде жоғары білім алды.
1906 ж. С.-Петербург Жол қатынасы институтын М. Тынышбаев бітіріп
шықты. X. Досмұхамедов С.-Петербург Императорлық əскери медицина
академиясын 1909 ж. бітірді. Ə. Ермеков Семей гимназиясын, содан соң
Томск технологиялық институтын, X. Ғаббасов Мəскеу университетінің
физика-математика факультетін бітірген. Сонымен Ресей оқу орындары
революцияға дейінгі кездің өзінде білімді адамдардың көбеюіне, əpбip
халықтың ұлттық зиялыларының қалыптасуына жəрдемдесті.
Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар
бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын
ілгepi бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші
орыс революциясы берген əлеуметтік жəне саяси бостандықтарды
пайдаланды,
халықты
патриархаттық-рулық
мешеуліктен
арылтуға,
патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік
тəуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Қазақ зиялыларының
көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында
білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді.
Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай»
журналдары арқылы олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады,
қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім
алуға шақырды.
Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы
ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру жəне оны жаңаша
серпілту (жəдитшілдік) жолы еді. Қазақ даласына бұл жол қырым
татарларының көрнекті ғалымы Ысмайыл Ғаспыралының (Исмаил
Гаспринский) «Тəржімасы» арқылы таратылды деуге болады. Жəдитшiлдiк
бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани болғанымен, қазақ оқығандары
И.Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану арқылы өз
мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды.
«Жəдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Исмаил
Гаспринскийдің жəдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап,
оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланды.
Қазақ жастарының Уфа, Троицк, Қазан, Орынбор сияқты білім ордаларында
ашылған Татар медреселерінде білім алулары ХҮІІІ ғасырдың соңғы
жылдарында басталды. Орыстар Христиан қыла алмаған Татар жəне Башқұрт
халықтарын еркін жіберуді ұйғарып, білім беру жұмыстарын дін адамдарына
тапсырған болатын. ХІХ ғасырдың соңына дейін жалғасқан осы саясаттың
арқасында əр ашылған мешіттің қасынан медресе ашылды.
ХХ ғасырдың басында Еділ - Орал аймақтарындағы жəдитші медреселерде
білім алған Қазақ жастары жəдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды.
Ғалия медресесінде (Уфа) білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда
усул-(сенім) жəдидті (жаңару) дамыту мақсатында “Садақ”атты журнал
шығарды. “Жəдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек
емес екендігін, қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып “Оян Қазақ”,
“Тұр Қазақ”,“Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратты.
Жəдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту
саласында қызмет атқара бастады. Алғаш рет Семей қаласында усул-жəдит
мектебінің ашылуы туралы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы хабарлады.
Жалпы Қазақстанда 1912 жылы жаңа əдіспен дəріс беретін мектептердің
саны 121 оқушы саны 1810 ға дейін жетті. Усулу-жəдит əдісін қолдау
мақсатында Мұқаммет Сəлім Кешимов “Қазақтарға өсиет”, “Кітаптарды
тану” сияқты еңбектерінде қазақ балалары орыс тілінде білім алса ұлттық
құндылықтардан жұрдай болып өседі деп санап балаларды орыс
мектептеріне жіберуге қарсы шықты. Осы мəселе төңірегінде Мұқамметжан
Сералин Батыста дамыған білім мен жаратылыстанудың үйренуге
болатындығын жəне осыларға қол жеткізу үшін Орыс тілін білу керек
екендігін айтты. 20-ғ. басында жəдитшілдікпен бірге дамыған Түркішілдік
ағымының символы ретінде Мағжан Жұмабаевты айта аламыз. Ислам дінін
жаңашалап жəдитше жазған қазақ қайраткерлерінің бірі Шəкəрім
Құдайбердіұлы. Жəдит қозғалысының арқасында Қазақстанда усул-жəдит
медреселері ашылып, білім туралы хабарлар ақпарат құралдары арқылы
жарияланып отырды.
XX ғ басындағы қазақ зиялылары дəрігерлер, саясатшылар, судьялар,
ақын-жазушылар болатын, бұл кезеңде қазақтың жан-жақты білімді
азаматтары-Ə. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жəне басқалары
калыптасты. М. Тынышбаев, Ə. Ермеков, X. Досмұхамедов жəне басқа Алаш
азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап
дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды,
бірақ оның іргетасын нақ XX ғ. басында қазақ зиялыларының талантты жас
өкілдepi қалаған еді.
2.1917 ж. ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет
аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан
революциясының нəтижесінде қос өкімет қалыптасты. Бip жағында
буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда
болса, екінші жағында жұмысшы жəне солдат депутаттарының мүддесін
көздейтін Кеңестер құрылды. Қос өкіметтің мəні мынадай болды: нақты
билікке ие Уақытша үкіметтің күшті əлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер
əлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады.
Кеңестердің үміті-əлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына
сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Мемлекеттік
Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша
үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы жəне солдат депутаттары Кеңесінің
құрылуы туралы хабар, яғни Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі
Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанга 1917 ж. наурызда жетті.
Сол дəуірде күн тəртібіне қазақ қоғамы дамуының жəне қазақ
халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы өткір қойылды, ол үшін
күреске шығу мəселесі тұрды. Осындай жағдайда, халықты тəуелсіздік үшін
күреске бастап кете алатын саяси-əлеуметтік күш керек болды. Ол күш саяси
күрес майданына шыға бастаған ұлттық интеллигенция-ұлт зиялылары еді.
ХХ ғ. басындағы қазақ жастары қандастарымыздың қоғамдық сана-сезімін
оятып, оларды əлеуметтік міндеттерді (жер-су дауы, т.б.) шешуден гөрі,
біртіндеп болса да саяси күрестерге шыңдау қажет деген қорытындыға
тоқтады. 1917 ж. 27 ақпанда Петроградта буржуазиялык-демократиялык
революция нəтижесінде патша өкіметі құлатылғаннан кейін, бүкіл Ресейдегі
сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері,
эсерлер, меньшевиктер жəне ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша
үкімет органдарымен қатар, халықтық өкіметтің жаңа органдары-
жұмысшылар, шаруа жəне солдат депутаттарының кеңестері құрылды.
1917
ж. наурыз айында барлық жерлерде Уақытша үкіметтің жергілікті билік
органдары-облыстық,уездік, болыстық, ауылдық, селолық, станицалық
атқару комитеттері құрыла бастады. Қазақтың зиялы қауым өкілдерінен
Уақытша үкіметтің комиссарлары болып: Торғай облысында Ə. Бөкейханов,
Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқай тағайындалды.
Қазақ өлкесіндегі халық билігі органдары - Кеңестер екінші ықпалды саяси
билікке айналды. 1917 ж. наурыз-сəуір айларында өлкеде 25-тен астам
жұмысшы, шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі құрылды.
Қазақстанның оңтүстік облыстары кіретін Түркістанда «Шура-
ислами» партиясының құрылуы аса маңызды саяси оқиға болды, бұл партия
қалыптаса келе Түркістанда ресейлік үлгідегі қос өкіметтілікті қолдамады.
Сөйтіп Түркістанның саяси аренасында Кеңестер, Уақытша үкімет жəне өзін
жергілікті мұсылман халқының сайланып қойылған үкіметі деп атаған
«Шура- ислами» партиясы сияқты
үш өкімет орнықты. Егер, салыстырмалы
түрде Түркістанда «үш өкімет» құрылды десек, онда Қазақстанның өзінде
«көп өкіметтілік» орнықты деп айтуға болады. Мұнда жоғарыда аталған «үш
өкіметке» қосымша Батыс, Солтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағында
орналасқан Орал, Орынбор жəне Жетісу казактары үкіметін, сондай-ақ
облыстық қазақ комитеттерін жəне Ə. Бөкейханов пен оның cepiктepi
ұйымдастырған, жалпыхалықтық «Алаш» партиясын қосуға болады.
Осының бəpi өлкедегі саяси өмірдің күрделі екендігін жəне оның
коғам- дық-саяси өмірін басқаруға Уақытша үкімет пен жұмысшы жəне
солдат депутаттарының Кенестері органдарымен катар биліктен үмітті
болған көптеген ұйымдардың болғанын дəлелдейді.
Осындай жағдайда, қазақ қоғамындағы саяси өмірдің белсенділігі
күшейе бастады. Ол бірнеше бағытта жүргізілді: мемлекеттік құрылысқа
қатысу, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру, əлеуметтік-экономикалық
реформалардың бағдарламаларын жасауға қатысу. Осындай бағыттағы
мəселелерді облыстық қазақ съездері шешуге кірісті. 1917 ж. сəуір-мамырда
Торғай, Жетісу,
Орал, Ақмола,
Семей облыстық съездері,
Ішкі Орда (Бөкей
хандығы) қазақтарының съезі болды. Оларда: 1. Қоғамдық қауіпсіздіктің
азаматтық комитеттерін ұйымдастыру; 2. Жалпықазақ жəне жалпымұсылман
съездері; 3. Мемлекеттік басқару түрі жəне Құрылтай жиналысы; 4. Дін
басқармасы; 5. Халыққа білім беру; 6. Жер мəселесі; 7. Сот; 8. Жергілікті
басқару; 9. Баспа ісі; 10. Пошта; 11. Қоғамдық қаржы; 12. Шаруалар
басшылары (институт крестьянских начальников) жəне зиянкес чиновниктер;
13. Соғысқа қөзқарас; сияқты мəселелер талқыланды.
Патша əкімшілігі құлағаннан кейін Уақытша үкіметтің жергілікті билік
органдарының бірі ретінде Қазақ өлкесінің барлық облыстарында құрылған
Қазақ комитеттерінің маңызы өте зор болды.
1917 жылы көктемде өткізілген
облыстық съездер қазақ комитеттерінің қызметін заңды түрде бекітті.
Ақпан
буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен кейін Қазақ комитеттерінің
құрылуы, Уақытша үкіметтің мемлекеттік унитаризм идеясына қарсы Қазақ
жерінде ұлттық-мемлекеттік автономия мəселесін шешудегі алғашқы саяси
қадам болды. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары
кулактарға, казактардың басшы топтарына, қазақ ауылдарынын бай-
манаптарына арқа сүйеп,
бұрынғы патша өкіметінін саясатын одан əрі
жалғастырды. Ресейді қамтыған саяси тұрақсыздык жағдайында Орынборда,
қазақ оқығандары кезек күттірмейтін ұлттық мəселелерге байланысты бір
тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыруды ұйғарып, «Қазақ» газеті
арқылы қазақ жəне қырғыз халықтарына үндеу жолдады.
3.
1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі өтті.
Оған Қазақ өлкесінің облыстары мен Ферғана облысы, Бөкей хандығы
атынан қазақ өкілдері қатысты. Съездің төрағасы болып Халел
Досмұхамедов сайланды. Съездің күн тəртібінде 14 мəселе қаралды:
Мемлекеттік басқару түрі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мəселесі;
халықтық милиция; жергілікті басқару жүйесі (земство); оқу-ағарту ісі; сот,
дін, əйел мəселелері; қазақ облыстары депутаттарының Құрылтай
жиналысына дайындығы;
жалпыресейлік «Шуро-и-Ислам» съезі; қазақтың саяси партиясы; Жетісу
облысының жағдайы; Бүкілресей федералистерінің съезі мен оқу комис
сиясына қазақ өкілдерін жіберу туралы қаралды. Барлық мəселелер бойынша
ұлттық-демократиялық мазмұнда шешімдер қабылданды. Осы съезде
қазақтың тұңғыш ұлттық саяси «Алаш» партиясын құру жөнінде қаулы
шығарылды. Партияның баспа органы 1918 жылдың қаңтарына дейін
Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті болды. «Қазақ» газеті
большевиктер тарапынан жабылғаннан кейін, оны Семейде жарық көріп
түрған «Сарыарқа»
газеті ауыстырды. Бұл кезде Семейде «Абай» журналы да жарыққа шыға
бастаған болатын. «Алаш» партиясының жетекшісі болып Ə. Бекейханов
сайланды. Партия құрамына ғылым жəне шығармашылық зиялы қауым
екілдері - А. Байтұрсынов, М. Тынышбаев, М. Жүмабаев, Ш. Құдайбердиев,
С. Торайғыров, X. Ғаббасов, X. Досмұхаметовтар жəне т.б. кірді.
Партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші
съезінде қазақтың автономиясы - Алашорда Үкіметі - Ұлт Кеңесі кұрылды.
«Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын Бағдарламасы бекітілді. Олар: 1)
Ресейдің демократиялық федерация болып жариялануы туралы; 2) Ресей
құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең
құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5)
Елдегі билік жəне сот туралы; 6) Елді қорғау, əскер жəне халықтық милиция
құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9)
Ғылым жəне білім туралы; 10) Жер мəселесі. Жаңа құрылған үкіметтің
Халық Кеңесі төрағасы болып Ə.Бөкейханов бекітілді.
Осы қозғалыстың
өмірге келуі отаршылдық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бергі
қордаланып келген жəне əбден пісіп-жетілген наразылығының айқын көрінісі
болды.
«Алаш» қозғалысының ұлттық идеясының табиғатын түсіну үшін,
алдымен «ұлт» пен «идея» түсініктерінің анықтамаларына тоқталуымыз
қажет. Ұлт-ортақ тілі, мəдениеті, біріктіруші салт-дəстүрлері мен діні бар
адамдардың əлеуметтік бірлестігі. Идея сөзі грек тілінен аударғанда-бейне,
яғни, мағына, ой, пікір ұғымдарын білдіретін, философиялық термин. Идея-
бар нəрсені емес, əлі жоқ нəрсені, жасалуға тиіс дүниелерді білдіреді. «Ұлт»
пен «идея» терминдерін біріктірсек, онда ұлттық идея - бұл ұлттың ойы,
санада көрініс табатын мақсат-мұраттары деуге болады. Ұлттық идея ұлтпен
бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді.
Қазақ қоғамының сол тұстағы саяси дүниетанымының оянуына, оның
өмірдің өзі алға қойған проблемаларына сай дамуына «Алашорда» халықтық
демократиялық ағымы тың серпін берді. ХХ ғасыр басындағы жаңа заман
талабын дұрыс түсінген білімді-тəрбиелі қазақ жастары мынадай түбегейлі
міндеттерді шешуді өз алдарына жəне қазақ қоғамы алдына қойды: жергілікті
жерлерде қазақтарға арнап газет-журналдар шығару, кітап бастыру, орыс
тілін меңгеріп, білім алу, Ресейдегі депутаттық орындарға қазақ ұлты
өкілдерінің көбірек сайлануларына атсалысу. Кейін «Алашордашылар»
атанған ХХ ғасыр басындағы зиялы қазақ жастары бұл тарихи міндеттер
биігінен абыройлы көрінді. Қазақ халқының орта ғасырлық мешеуліктен
жаңа заманның көшіне еріп, өркениетті елдермен терезесі теңесуі үшін оқу-
өнердің ауадай қажеттігін санасына сіңіру – кезек күттірмес міндет ретінде
күн тəртібіне қойылды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін саяси мінбеге
айналдырып, Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы,
Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы сияқты
ұлт зиялылары халқына дəріс берді.
1916 жылғы көтеріліске Алаш қозғалысының серкелері қолдау
көрсетпеді, бірақ қазақтарды майданның қара жұмысына алу мерзімін
кейінге ығыстыру қажеттігін бір ауыздан көтерді. Орталық билікті басып
алып, кеңес өкіметін жариялаған большевиктер жер-жердегі өз тағдырларын
өздері айқындап жатқан ұлттық құрылымдарды жойып, автономияларды
таптық негізде, кеңестік платформада құру бағытын ұстанды. Қазақтардың
мемлекеттілігін қалпына келтіргендей сыңай танытқан Түркістан
автономиясын (1917 жылғы қарашаның 28-інде Қоқанда жарияланған) мен
Алаш автономиясын (желтоқсанның 12-сінде Орынборда жарияланған)
мойындамады.
Большевиктер Алаш партиясына пролетарлық төңкерістің салтанатты
шеруі жолындағы кедергі есебінде қарады. Соның салдарынан, бұрынғы
империяның шет аймақтарында дами бастаған ұлттық қозғалыстарға үзілді-
кесілді тиым салынды.
1918 жылғы 5 каңтарда Бүкілресейлік құрылтай
жиналысының күшпен таратылуы Алаш автономиясын құруға да зардабын
тигізді. Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық
тереңдей түсті. Егер Алаш партиясы, большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем
жат əлеуметтік тəжірибені күштеп танушы, қазақ жұртына іріткі салушы
ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен
феодалдардың таптық мүддесін қорғайтын төңкеріске қарсы күш есебінде
карады. Сөйтіп, қазақ елінің ғасырлар бойы биік арманы - ұлттық мемлекетті
қалпына келтіру ісі - Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен бірге
тоталитарлық өктемдік пен империялық зорлық-зомбылықтың шабуылына
көміліп, тарих қойнауында қала берді.
Достарыңызбен бөлісу: |