Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты мынадай қарапайым негіздерден



Pdf көрінісі
бет12/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты мынадай қарапайым негіздерден 
тұрады: 

Зерттеу 
жұмысының 
жалпы 
бағытын 
айқындау;

Арнайы 
бір 
тақырыпқа 
бағыт 
алу;
- Өз оқырманын қызықтыру. 
Студенттер өз зерттеу жұмысына көп уақыт жұмсауы мүмкін. Зерттеу жұмысының 
сәтті әрі жылдам жазылуы таңдалған тақырыпқа тікелей байланысты. Сол себепті, алдымен 
тақырыпты мұқият таңдап алған дұрыс. Тақырып таңдау барысында ең басты ескеретін 
жайт – таңдалатын тақырып оқылып жатқан пәнге қатысты болуы қажет. Өйткені, 
академиялық мәтін жазудағы негізгі мақсат – осы пәнге қатысты қандай да бір тақырыпты 
терең білу және осы тақырып туралы ізденісті білдіру.
Тақырыпты таңдау барысында пәнге қатысты дәріс тақырыптары мен пәннің оқу 
бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды мұқият қарап шығу қажет. Солардың ішінде 
қызықтыратын тақырыпты таңдап алуға болады.


Тақырып 
таңдау 
барысында 
ескеретін 
жайттар: 

Тақырып 
адамның 
жеке 
өміріне 
қатысты 
болмауы 
керек;

Тақырып 
тым 
шағын 
болмауы 
керек;

Тақырып 
тым 
кең, 
көлемді 
мәселені 
қамтитын 
болмауы 
керек;
- Тақырып бойынша ақпараттар аз болмауы тиіс.
Сонымен қатар тақырыптың құрылымын жазу барысында мынадай қарапайым 
шарттарды білген жөн: 
1) 
Түсінікті, шағын және қызықты етіп жазу. 
Тақырыптың негізгі мақсаты – жазба 
жұмысы жөнінде қысқаша, нақты қорытынды беру. Сол себепті, тақырып шағын және 
түсінуге жеңіл болып жазылуы керек. Тақырыптың құрылымын жазу барысында күрделі 
сөз тіркестері немесе мағынасыз сөздерді қолданбаған жөн. Тақырып күрделі болса, 
оқырман үшін түсініксіздеу болып кетуі мүмкін.
2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет