зерттеу жұмысының тақырыбымен және оның зерттеу сұрағымен
таныстырып, оқырман қызығушылығын оятады. Бұл бөлім тақырыпқа
қатысты жалпы мәселеден қарастыратын шағын, жекелеген мәселеге қарай
оқырман ойын жетелеуге бағытталады. Тақырып жөніндегі осы кезге дейінгі
көтерілген жайттарға шолу жасай отырып, зерттелуге тиіс сұрақ пен
гипотезаға тоқталады және зерттеу мәселесіне қарай қолданылатын зерттеу
әдісімен таныстырады. Сонымен қатар зерттеу жұмысының құрылымы
сипатталып, жоспары беріледі.
Жазба жұмысын жазу барысында берілген сұрақты түсініп, оған нақты
әрі дұрыс жауап беру үшін шағын эссе жазып үйрену керек. Шағын эссенің
құрылымдық жүйесін жетік меңгеріп алу алдағы уақытта көлемдірек эссе
жазуға жол ашады. Мұндай эссе түрлерін жаздыру тілдік деңгейді анықтауға
арналған халықаралық IELTS, TOEFL сияқты тест түрлерінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: