Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет18/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Эссе жазу кезеңдері: 
Проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - 
тексеру 
Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар: 
o
Жеке көзқарастың көрінісі; 
o
Деректі дәйектер (аргументтер); 
o
Теориялық негіздеме; 
o
Терминдерді қолдану; 
o
Дәйексөздерді келтіру; 
o
Əртүрлі көзқарастарды мысалға алу; 
o
Логикалық заңдылықтың сақталуы; 
o
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану
o
Сауаттылық (пунктуациялық, орфографиялық, стильдік). 
Жиі кездесетін қателер: 
1.
Проблема ашылмайды
2.
Автордың жеке ұстанымы көрінбейді;
3.
Теориялык негіздемесі жок; 
4.
Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану; 
5.
Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп; 
6.
Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер қолданылады
7.
Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы; 
8.
Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ; 
9.
Логиканың болмауы. 
Эссе жазуға калай дайындалу керек? 
Эссе жазуға кіріспес бұрын, ең алдымен, мына сұрақтарға жауап беру керек 
сиякты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім 
оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «маңызды аққпаратты мен 
қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан кандай пікірлер мен іс- 
әрекеттерді күтемін?» 
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай?
Ол: белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және делелдеу; 

сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту; 

оқырмандарды ақпараттандыру; 

мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу; 

өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу; 

көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу; 

іс-әрекетке түрткі болу. 
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай 
жағдайға дейінгі көлемде жазуы тис. Адам өзінің алдына қойған мақсатын 
біліп, өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және 
айқын болады. 


Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, 
сондай-ақ олардвң құндылығы мен эссенің тақырыбына деген көзқарастарын 
анықтауға тырысу керек. 
Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны 
түсінікті, нақты, делелді түрде калай баяндауға және қойылған мақсатқа 
сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі. 
Қандай ақпаратты хабарлап, кандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындайө 
отырып, өзіңізге эссе тақырыбынынң маңыздылығына баса назар аударуға 
көмектесе аласыз. 
Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия
ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде мүмкін. Кейбір 
идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері делелсіз және 
деректерсіз болады. Сондай-ақ тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің 
хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы 
мүммкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне автордың 
жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе, жаңа 
бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. 
Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл 
кітапхана, интернет ресурстары, сөздіктер, аныштамалықтар, қайта оқып 
шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болу мүмкін. Сондай-ақ 
жанындағы адамдардан алынған ақпараттар да кажет. 
Келесі кезең дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру
жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау. 
Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады. Деректерді тексеріп, бар 
материалдарды ретімен қайта саралап, карап шығу керек. Кейбір мәліметтерді 
алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, кандай жағдайда да не жинай 
алғаныңызды жүйелеп жазу керек. 
Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарды жүйелеуге, идеялардың 
арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. 
Эссе жазуда көздеген мақсатка жетуге көмектесетін маңызды акпараттың 
өзін таңдаудан бастаған дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет