Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Өз басынан өткен оқиға жөнінде қысқаша баяндау



Pdf көрінісі
бет24/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Өз басынан өткен оқиға жөнінде қысқаша баяндау. 
Оқырманның
 
назарын аудару үшін өз тәжірибесін немесе басынан өткен оқиға туралы 
жазуына болады. Бұл әңгімелеу түрінде баяндалады, бірақ ол тақырыпқа 
тікелей байланысты болуы тиіс және тым көлемді болып кетпеуі керек. 
Мысалы: 
Жоғары сыныпта сабақ арасындағы үзілісті сыныптастарым өз 
қалауынша өткізетін. Яғни бірі ұялы телефонмен ойнаса, бірі әңгімелескенді 
жақсы көретін. Тек бір сыныптасым ғана, мектепте оқытылмаса да, өз 
бетімен неміс тілін үйреніп жүретін және үзіліс кезінде еш нәрсеге назарын 
аудармай, жаңа сөздер жаттап отыратын. Мектеп бітірген соң бірнеше 


жылдан кейін әлгі сыныптасымның Германияда тегін оқу грантын жеңіп 
алғанын білдім. Оның жетістігінің құпиясы бос уақытты тиімді жұмсай алу 
– үлкен жетістікке жетудің алғышарты. 
Кіріспенің соңында жұмыстың негізгі тұжырымы мен қорытындысы 
және жалпы жұмыстың құрылымы жөнінде қысқаша мәлімет беріледі. Эссенің 
құрылымы туралы мәлімет беру оқырман үшін тақырыпқа қатысты ақпаратты 
тез табуына және оқылым үдерісін жеңілдетуге ықпал етеді. Жақсы жазылған 
кіріспе тың жайтты көтеріп, қызығушылықты арттырады, тақырыптан тыс 
жайтты қозғамай, тек зерттеу сұрағын талқылауға бағытталады. 
Кіріспе жазғанда мына кеңестерді ескерген жөн: 
Кейбір студенттер үшін кіріспені соңында жазған тиімді.
 
Өйткені 
жазылым барысында түрлі ойлар туындап, олар эссе құрылымы мен кіріспенің 
жазылуына әсер етуі мүмкін. Əдетте, жинақталған материалдарыңызға 
байланысты негізгі бөлімнің жоспарын құрып, негізгі бөлімнен бастаған 
дұрыс. Негізгі бөлімде талданған мәселеге орай және оның жазылу жүйесіне 
қарай кіріспе бөлімді жазып шығу жеңілірек болады. Дегенмен кейбір 
студенттер жазба жұмысын кіріспеден бастағанды жөн көреді, себебі олар 
негізгі бөлімде қандай мәселені қарастыратынын анық білуі мүмкін. Автор 
алдымен кіріспені жазуды қаласа, соңынан қайта қарап, түзетіп шығуды 
ұмытпауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет